Әдепті судья - арлы судья

Әдепті судья - арлы судья

Мемлекетіміздің заңдарын білу Қазақстан жерінде өмір сүретін кез-келген адамның міндеті. Елімізідің әр азаматы заңдарды ғана біліп қоймай, қоғам мен мемлекеттің өміріне белсенді араласуы керек. Себебі, заңдар азаматтардың еркіндігі мен міндеттерін белгілеп, өзіне тиесілі құқықтарды пайдалану әдістерін көрсетеді. Заңдар әрқашан әділдікпен шындықтың жағында.

Қазіргі уақытта елімізде жүргізіліп жатқан сот-құқықтық реформалардың нәтижесі өз жемісін берді деп айтуға толық негіз бар. Адамдардың әділ сот төрелігіне деген сенімі уақыт өткен сайын артып келеді. Өзінің құқығы бұзылды деп ойлаған кез-келген азамат алдымен сотқа жүгінетіні заңдылық.

Қазақстан Республикасы атынан заңға сәйкес сот төрелігін жүзеге асыратын заңды өкіл судья болып табылады. Ол азаматтарға, органдар мен ұйымдарға, олардың жағдайына, тағдырына қатысты мәселелерге орай заңдарды қолданып, бір ғана мемлекеттік оганның емес, тұтас мемлекеттің атынан сотқа түскен істерге шешім шығарады.

Судья этикасы кодексінің 1-бабында көрсетілгендей «Судья берген антына берік болуға, қоғамдық қызмет пен тұрмыстық жағдайда кез-келген әрекеттерді жүзеге асырған кезде, әдепсіз жүріс–тұрыстың көріністеріне жол бермей, судья лауазымының жоғары мәртебесіне лайық болып, әдеп нормаларын мүлтіксіз сақтауға тиіс». Сондай-ақ судья, сот билігінің беделін түсіруге әкеп соғуы және судьяның абыройына нұқсан келтіруі  мүмкін кез келген іс-әрекеттерден аулақ болуға тиіс.

Судья қатардағы мемлекеттік қызметкер емес Судья этикасы кодексінің 4-бабында көрсетілгендей, Судьяның соттан тыс жердегі жүріп-тұруы, оның процеске қатысушылармен өзара қарым-қатынасы соттың тәуелсіздігі туралы қоғамның сенімділігін сақтауға ықпал етуге тиіс.

Қазақстан Республикасының Конституциясы судьялардың тәуелсіздігі мен даралығына кепілдік береді. Судьяны тұтқындауға, жауапқа тартуға, сот тәртібімен әкімшілік айып салуға болмайды.

Судья заңдарға және ар-ожданына сәйкес шешім қабылдауы қажет. Өйткені оның қолында адам тағдыры тұрады.  «Тура биде – туған жоқ, туғанды биде – иман жоқ» деп философиялық ой түйген бабалар сөзінің бүгінгінің билеріне берер тәрбиелік мәні мен тағылымы ерекше.

 

Әйтеке би аудандық сотының төрағасы,

судья А.А.Әбдіров

Оцените новость

  • Ваша оценка
Итоги:
Проголосовало людей: 1

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
×