Иманбаева Любовь Қабылдинқызының сот саласындағы еңбек жолы

Иманбаева Любовь Қабылдинқызының сот саласындағы еңбек жолы

Иманбаева Любовь Қабылдинқызы өз  еңбек жолын 1970 жылы Ақмола облыстық сотында бастады. Іс жүргізуші қызметінен бастаған оны, сот отырысының хатшысы қызметіне ауыстырды. Қылмыстық алқа хатшысының қызметін атқарғаннан кейін сот төрағасының көмекшісі, содан кейін кеңсе меңгерушісі болды. 1995 жылы қатты ауырып, тіпті, мүгедектік алуға дайындаған. Осындай қиын сәттерде оған Қасымов Ақылтай Ахметжанұлы демеу бола білді. Сол асыл азаматтың қолдауы мен кеңесінің арқасында Любовь Қабылдинқызы мүгедектіктен бас тартып, жұмыста қалған.

         1999 жылы облыстық сот Көкшетау қаласына ауыстырылған кезде, Сарыарқа аудандық сотында жұмыс істеуді бастады.

         2002 жылдан 2010 жылға дейін (құрылғанынан бастап) мамандандырылған экономикалық сотында жұмыс жасайды.

         «Менің еңбек жолымда әрдайым жанашыр және мейірімді адамдармен жұмыстас болдым, әріптестеріммен үнемі достығы жарасқан біртұтас ұжым бола білдік. Кеңсе меңгерушісі болып жұмыс атқарған уақытта маған сот жүйесінің кәсіби мамандары – сот төрағаларымен жұмыс жасау бақыты бұйырды. Сол үшін де тағдырыма алғысым шексіз, атап өтсем: Борис Кежебайұлы Кенжебаев, Төлеген Асқарұлы Әбдірахманов, Дариға Құрманқызы Құрманова, Ермек Қуандықұлы Серекбаев, Даулен Жұманұлы Балықов, Мадияр Балкен. Әрқашан ұжымда менімен бірге ақылды және мықты мамандар еңбек етті, олардың көпшілігі қазіргі таңда сот жүйесінде, жеке құрылымдар мен нотариустарда табысты жұмыс атқарып отыр.

Тұтастай алғанда, біздің үлкен керемет ұжымға – төрағалардан бастап мамандарға дейін бірге жұмыс жасаған әр күнім үшін, баға жетпес тәжірибе, құрмет пен түсіністік үшін алғыс айтамын. Мені өмір жолымда осындай кәсіпқой және жақсы адамдармен жолықтарған тағдырыма рахмет», - деп жүрекжарды лебізін білдірді Любовь Қабылдинқызы.

Иманбаева Любовь Қабылдақызы 2005 жылы «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалімен, ал 2008 жылы «Сот жүйесінің құрметті қызметкері» белгісімен марапатталды.

Бір тағдыры мыңдаған адамға үлгі болар Любовь Қабылдақызының еңбек жолы сот жүйесінің жас буыны үшін маңызы зор.

    

Астана қалалық сотының баспасөз қызметі

Оцените новость

  • Ваша оценка
Итоги:
Проголосовало людей: 1

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
×