Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы мен ХЕҰ еңбеккерлер Бюросы бейресми жұмыспен қамту саласындағы кәсіподақтардың іс-әрекеттерінің стратегиясын әзірледі

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы мен ХЕҰ еңбеккерлер Бюросы бейресми жұмыспен қамту саласындағы кәсіподақтардың іс-әрекеттерінің стратегиясын әзірледі

 

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы мен Халықаралық Еңбек Ұйымы онлайн режимінде «Қазақстан кәсіподақтарының стандартты емес еңбек қатынастары үстемдік ететін, өзін-өзі жұмыспен қамту, платформалық және бейресми жұмыспен қамту секторларындағы іс-әрекеттерінің стратегиясы анықтау» тақырыбында бірлескен зерттеудің нәтижелерін ұсынды.

Соңғы жылдары бейресми еңбек қатынастарын заңдастыру Кәсіподақтар федерациясының күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі болды. Бұл бағытта кәсіподақтарға айтарлықтай қолдауды Халықаралық еңбек ұйымы көрсетеді.

 Кездесуді аша отырып, ҚРКФ төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Кәсіподақтар федерациясының ХЕҰ-мен өзара байланысын күшейтудің маңыздылығын атап өтті.

«Кәсіподақтар федерациясы мен Халықаралық еңбек ұйымы арасындағы ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілді. Біз ХЕҰ ұйымдастыратын іс-шараларға белсенді қатысамыз. Тек 2020 жылдың өзінде Федерация өкілдері кәсіподақ қызметі бойынша 19 онлайн халықаралық іс-шараларға, оның ішінде еңбек саласындағы маңызды халықаралық іс-шараларға қатысты. Жалпы, өткен жылы ХЕҰ-ның 12 іс-шарасына 25 өкіл қатысты», - деді Сатыбалды Дәулеталин.

 Оның айтуынша, бірлескен жоба жұмыспен қамтудың стандартты емес түрлеріндегі жұмысшыларға лайықты еңбек жағдайларын жасауға, сондай-ақ жұмыспен қамтудың ресми болуына ықпал етуге бағытталған.

«Бейресми секторда жұмыс жасайтындардың үлесі, әртүрлі бағалаулар бойынша, елдің экономикалық белсенді тұрғындарының 40-45% құрайды. Ресми мәліметтерге сәйкес, 2020 жылы бейресми жұмыспен қамту үлесі жұмыс күшінің шамамен 13% құрады. Сонымен қатар, жекелеген салаларда кәсіподақтың қамту деңгейі төмен», - деді Сатыбалды Дәулеталин.

 Жоба нәтижелерін кездесу барысында зерттеу авторлары ұлттық сарапшы Сәруар Кенжеболат пен халықаралық сарапшы Харри Талига таныстырды.

 Зерттеу барысында стандартты емес жұмыспен қамту, соның ішінде сандық және интернет-платформалар, өзін-өзі жұмыспен қамту және бейресми жұмыспен қамтуды қамтитын секторлардағы әлеуметтік-еңбек қатынастарының құқықтық және практикалық ортасы талданды.

Жұмыс барысында сарапшылар жұмыспен қамтудың стандартты емес түрлерінің даму тенденцияларын анықтады, сондай-ақ Қазақстанның кәсіподақтары мен мемлекеттік органдарына стандартты емес жұмыспен қамтылғандардың жағдайын жақсарту шаралары туралы ұсыныстар әзірледі. Сонымен бірге, жұмыспен қамтудың стандартты емес түрлерінің ең өзекті мәселелерін әлеуметтік әріптестік жөніндегі республикалық үшжақты комиссия аясында қарау ұсынылды.

Әзірлеушілер атап өткендей, стандартты емес жұмыспен қамту формалары деп бейресми, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және платформалық жұмыспен қамту, қарыз еңбек, қашықтықтан жұмыс жасау, уақытша және толық емес жұмыспен қамту, толық емес және артық жұмыспен қамту, үй шаруашылығы, сондай-ақ азаматтық-құқықтық келісімшарттар бойынша жұмыс (АҚК). Бұл жұмыспен қамту түрлерінің айрықша ерекшелігі - жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғаудың төмен деңгейі және олардың әлеуметтік-экономикалық жағдайларының осалдығы.

Зерттеу барысында жұмыспен қамтудың стандартты емес түрлерімен жұмыс жасаудың, еңбек қатынастарын рәсімдеудің, осындай жұмыскерлерді әлеуметтік қорғау шараларын қамтуды кеңейтудің, сондай-ақ оларды кәсіподақ қозғалысына тартудың және жұмыс берушілермен және мемлекеттік органдармен қарым-қатынаста олардың құқықтарын қорғаудың халықаралық тәжірибесі қарастырылды.

 Мысалы, шетел мемлекеттерінің тәжірибесінде жұмыспен қамтуды рәсімдеу құралдарының бірі мемлекеттік сатып алу тетігі болып табылады, бұл ретте тендерлерге еңбекақы деңгейі саладағы орташа жалақының 70% кем болмайтын кәсіпорындар ғана қатыса алады. Осылайша, мемлекет компанияларды өз жұмысшыларының нақты табысын ресми мәлімдеуге ынталандырады. 

Сондай-ақ, халықаралық тәжірибе компанияларды тіркеу және бизнесті жүргізу процедураларын жеңілдету, стандартты емес еңбек қатынастарын заңнамалық реттеуді нақтылау, әлеуметтік сақтандыру жүйелеріне қатысудың оңтайлы критерийлерін белгілеу, тиісті минималды жалақыны қамтамасыз ету және т.б. бойынша шаралардың тиімділігін көрсетеді. 

 Сонымен қатар, Қазақстанда елдің бағдарламалық құжаттарында да, заңнамасында да жұмыспен қамтудың стандартты емес түрлері ерекше бөлінбейді немесе оларға басымдық берілмейді. Атап айтқанда, Еңбек кодексі еңбек қатынастарының көптеген мәселелері ұжымдық-шарттық реттеу саласына өткеніне қарамастан, стандартты емес жұмыспен қамтудың жекелеген түрлерін ғана реттейді. Оның үстіне кәсіподаққа бірігу құқығы іс жүзінде тек жалдамалы қызметкерлерге беріледі.

Еңбек нарығындағы жалпы оң динамикаға, яғни жыл сайын өзін-өзі жұмыспен қамту және бейресми жұмыспен қамту деңгейінің төмендеуі тіркелген жағдайға  қарамастан, жалдамалы жұмысшылар саны өсуде, ал жұмыссыздық айтарлықтай төмен деңгейде тұрақты, сонымен бірге қауіпті үрдістер стандартты емес жұмыспен қамтудың белгілі бір түрлерінде атап өтілді.

 Мәселен, соңғы бес жылда, жаңа Еңбек кодексі кезеңінде, АҚК келісімшарттары бойынша жұмысшылар саны 30 есеге өсті, бұл «классикалық» еңбек келісімшартына қарағанда, жұмысшылардың құқықтары мен мүдделерін әлеуметтік қорғаудың базалық деңгейін көздемейді. 

Уақытша, маусымдық және кездейсоқ жұмыспен қамтылғандар саны 70%-ға өсті, ал толық емес жұмыс 20%-ға өсті. Сонымен қатар, бейресми жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі ресми сектордағы жұмысшылар. Жыл сайын қалаларда өзін-өзі жұмыспен қамтушылар саны артып келеді. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар білікті мамандар өзіне жұмыс істеуді таңдайды, мұндай өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың үлесі қазірдің өзінде 30% құрайды.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың 70%-ының айлық кірісі 80 мың теңгеден аспайды, ал ауыл шаруашылығында өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың көпшілігінде (70%) табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен. Бұл ретте жыл сайынғы белгіленген ең төменгі жалақы мөлшері мен күнкөріс деңгейінің шамадан тыс төмендетілгеніне қарамастан (орташа жалақыдан сәйкесінше 5 және 6,5 есе аз).

 Жұмыспен қамтудың стандартты емес түрлерімен жұмыс істеудің басымдықтарын анықтағанда ауыл шаруашылығы, сауда, құрылыс, көлік және өндіріс сияқты салаларға назар аудару ұсынылды. Аймақтар арасында стандартты емес жұмыспен қамту көбіне Түркістан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында кездеседі.

Жалпы, сарапшылар атап өткендей, зерттеу нәтижелері көрсеткендей, COVID-19 пандемиясына байланысты 2020 жылдың айрықшылығына қарамастан, бұл жұмыспен қамту, жалақы және өмір сүру деңгейінің дамуында үлкен бетбұрыс болмады, сәйкесінше жылдар бойы көлеңкеде болған осы саладағы жүйелік мәселелерді ашты.

ХЕҰ еңбеккерлер Бюросының Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша бөлімінің жетекшісі Сергиус Гловацкас тұрақты әлеуметтік және еңбек тәжірибесін дамыту және дағдарысқа тиімді әрекет ету тұрғысынан зерттеудің маңыздылығы мен уақтылығын атап өтті.

 Ол Кәсіподақтар федерациясының ХЕҰ конвенцияларын ратификациялау жөніндегі бастамаларының маңыздылығын атап өтті.

«Халықаралық еңбек стандарттары жұмыс түріне қарамастан барлығына қолданылады. Жұмысшылардың бейресми жұмыспен қамтылған санаты - бұл халықтың үлкен массасы, сондықтан кәсіподақтар оларды қолдауы және қорғауы тиіс», - деп толықтырды Сергиус Гловацкас.

 Сергиус Гловацкас жуырда Халықаралық Еңбек Конференциясы аясында өткен «Еңбек әлемі» виртуалды саммитінің жұмысына қатысқан әлем көшбасшыларының мәлімдемелеріне назар аударды.

«Рим Папасы Франциск және ХЕҰ саммитінде сөз сөйлеген бірқатар басқа әлемдік көшбасшылар кәсіподақтардың жұмысшыларының мүдделерін қорғау, оның ішінде COVID-19 пандемиясының еңбек саласына жойқын салдарын еңсеру бойынша миссиясының бірегейлігіне үлкен назар аударды. Рим Папасы елдерді еңбек әлемінің шетінде пандемия салдарынан қиыншылыққа тап болған жұмысшыларға: біліктілігі төмен және күндік жұмысшыларға, бейресми жұмысшыларға, мигранттар мен босқындарға, «қауіпті, лас және кемсітетін жұмыстармен айналысатындарға» ерекше қамқорлық көрсетуге шақырды. Қазақстанның еңбек саласындағы халықаралық міндеттемелерді орындауға үлкен көңіл бөлетіндігі қуантады», - деп атап өтті халықаралық сарапшы.

Өз тарапынан ол әрі қарай әдістемелік және кеңестік көмек көрсетіп, бірлесіп жұмыс істейтініне сендірді.

ХЕҰ Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша бюросының еңбеккерлер қызметі жөніндегі бас маманы Гоча Александрия зерттеудің өзектілігі туралы айта отырып, ұлттық заңнаманы жұмыспен қамтудың жаңа формаларының қажеттіліктеріне сәйкестендіру қажеттігін атап өтті.

«Қазақстан Кәсіподақтар федерациясы нәтижелі жұмыспен қамтуды дамытудың ұзақ мерзімді пайымына ие. Зерттеуде нақты ұсыныстар көрсетілген және бейресми сектордағы жұмысшылардың мүдделерін қорғаудың тәсілдерін қолданудың сәтті мысалдары келтірілген. Өмір еңбек қатынастарының жаңа қырларын ұсынады. Негізгі міндеттердің бірі - заңнаманы бейімдеу», - дейді Гоча Александрия.

 Талқылау барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева депутаттық корпус жұмыспен қамтудың бейресми түрлерін реттеу туралы бастамашы заң жобасын ұсынуды жоспарлап отырғанын айтты.

«Зерттеу бүгінгі күні Еңбек кодексінде бейресми жұмыспен қамтуды реттеу бойынша көрсетілген шаралар мен құқықтық нормалар бұл процесті сүйемелдеу үшін жеткіліксіз екенін баса көрсетуге көмектеседі. Депутаттар ұсынғысы келетін түзетулер Еңбек кодексіне емес, оған ілеспе заңнамалық актілерге - Кәсіпкерлік кодекске, «Халықты әлеуметтік қорғау туралы» Заңға қатысты болады, бұл жалпы жұмыспен қамтуды жіктеу тәсілдерін өзгертеді. Жұмыспен қамтудың баламалы түрлерін реттеуге қадамдар жасалды. Зерттеу қатынастарды реттеуге қосымша айқындық әкелетініне сенімдіміз», - деді депутат.

Кездесуді қорытындылай келе, ҚРКФ төрағасы Халықаралық Еңбек Ұйымына жобаны іске асыруға көмек көрсеткені үшін, сондай-ақ зерттеу авторлары Сәруар Кенжеболат пен Гарри Талигаға елеулі жұмыстары үшін алғыс айтты.

 ҚРКФ басшысы ұсыныстарды әлеуметтік әріптестік жөніндегі Республикалық үшжақты комиссияда қарау туралы бастама көтеруге ниетін білдірді.

 «Бұл зерттеу, әрине, бейресми, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және платформалық жұмыспен қамту саласындағы әлеуметтік әріптестіктің барлық тараптарының жұмысын одан әрі дамыту үшін маңызды құжат болып табылады», - деп қосты Сатыбалды Дәулеталин.

 Ұлттық және халықаралық сарапшылар ұсынған есеп Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының kasipodaq.kz сайтында еркін қол жетімді.

ҚР Кәсіподақтар федерациясының медиа орталығы

Оцените новость

  • Ваша оценка
Итоги:
Проголосовало людей: 0

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
×