Қазіргі таңдағы әкімшілік іс жүргізу құқықтық қатынастарының әкімшілік әділеттілік саласындағы стратегиялық дамуының концептуалдық құқықтық мәселелері
Әкімшілік процессуалдық құқық пен әкімшілік әділеттілік контекстіндегі әкімшілік-құқықтық қатынастардың қалыптасу процесстері мен дамуының тарихын зерттеу мәселесі, оның құрылымы мен құрамдас бөліктерін қоса, өзінің ұзақ та көне даму тарихы бар қазіргі заманғы әкімшілік-құқықтық ғылымының маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Айтылған ойдағы көзқарас бойынша мынаны анықтауға болады, яғни, тарихи әдістерді тану көзқарасы бойынша іске асырылған мәселенің талдануы, үнемі шынайы қызығушылық танытады.
«Тарихи салыстыру негізінде, яғни айырмашылықты анықтау және заттардың ұқсастығы құқықтық құбылыстардың мәні мен мағынасын, әкімшілік-құқықтық қатынастардың осы не басқа да кезеңіне тән дамуын, ғалымдардың көзқарастары мен болжамдарын талдап қорытуды, сондай-ақ жүргізілген зерттеулер қорытындылары негізінде,олардың ары қарайғы дамуын қиындатуға әкеліп соғатын және мемлекеттің күнделікті өміріндегі объективті шындықты іске асыруды, объективті түрде молырақ түсіндіруге болады. Ғылыми, сонымен қатар гуманистік тарихаят адамның практикалық қызметінен және «тарихилық» пен «адамдықтың» органикалық байланысына деген бағытынан ажырамайды» [1].
Шындығында, мамандандырылған әкімшілік сот істері, маманданған әкімшілік сот және әкімшілік әділеттің арнайы жүйелерін құру туралы идеяларды И.Т. Тарасов негізінен әйгілі неміс полицейшілері Лоренц Штайн және Рудольф Гнейсттің әкімшілік-құқықтық концепциясы жүйесінен алған, олардың ілімі бойынша мемлекеттік ұйымдардағы қызметтік тұлғалардың әрекетіне шағым жасау,мемлекеттік ұйымдар арасындағы даулар, сонымен қатар мемлекеттік ұйымдар мен азаматтар арасындағы дауларды қарауға жататын сөзсіз мамандарылған соттардаіске асырылуы қажет. Бұл көзқарастарды сын көзімен бағалай және оларды патшалы Ресейдегі сот істері құрылымының ерекшеліктерімен салыстыра келе И.Т. Тарасов, «неміс заңгерлері жеке және ашық құқықтар арасындағы айырмашылықтарға сүйене отырып, әкімшілік әділеттің ұйымы ретінде ерекше арнайы әкімшілік соттарды құру қажеттілігін білдіреді» [2].
Сонымен қатар, И.Т.Тарасов пруссиялық әкімшілік әділет жүйесінің кемшіліктерін негіздей отырып, орыстар үшін қолдануға келмейтін немістің құқықтық ментальдігіне байланысты біршама сақтық жасап, мынадай жағдайды атап көрсетеді, яғни, «уездік әкімшілік сотта ландартқа – уездегі жоғарғы активті әкімшілік және бюрократтық бастаудың өкіліне, төрағалықты тапсырудың ешқандай негізі жоқ» дейді. Ал бұл, мамандандырылған әкімшілік соттар биліктің бөліну теориясы идеясына негізделген И.Т. Тарасовтың көзқарасы бойынша, тәуелсіздік пен өзін-өзі билеушілікпен сипатталатын соттық биліктің бір элементі екендігін дәлелдейді. Патшалы Ресейдегі қалыптасқан әкімшілік әділет іс-әрекеттеріндегі теория, практика және тәжірибені талдай және сын көзбен бағалай келе И.Т. Тарасов ол туралы былай жазады, яғни, «бірінші инстанцияның соттары тек қолданыстағы әкімшілік соттың бейнесін көрсетеді, олардың шынайы өкілеттілігі жоқ, оған қоса және әкімшілік процессуалдық заңнамасы да жоқ» деп жазады [2].
Азаматтар мен ұйымдардың құқығы мен еркіндігін толыққанды қорғау идеясымен айналысқан Н.М. Коркунов-мамандандырылған әкімшілік-құқықтық институтының қызметтік тұлғасының заңсыз шешімін жоюға және әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіруге бағытталған әкімшілік талапқа ерекше мағына береді. Мұнда атап көрсететін мәселе, Н.М. Коркуновтың әкімшілік талап түсінігіне қосқан құқықтық мазмұны осы күні де актуальды мәселе болып келетіндігі.
«Қазіргі кездегі әкімшілік талап түсінігі - ол бекітілген үлгідегі мамандандырылған әкімшілік соттарға физикалық тұлғаның құқығын қорғау туралы немесе заңды тұлғаның мемлекеттік билік ұйымының, жергілікті өзін-өзі басқаруға, қызметтік тұлғаға әкімшілік құқықтық қатынастар аймағы бойынша мемлекеттік қызметкерлерге, бұзған не бұзылған болып саналатын заңды құқығы туралы жазбаша ұсынысы, сонымен қатар, өкілетті мемлекеттік ұйымның мамандандырылған әкімшілік сотына заңды тұлғаның, жеке кәсіпкердің қызметін тоқтату және доғару туралы жазбаша ұсынысы» [3].
«Н.М.Коркуновтың құқықтық көзқарасының ерекшелігі, әкімшілік құзіретті ұйым ретінде, ол тек әкімшілік соттарды ғана мойындайды, «көпшіліктің құқығының тәуелсіз соттары» «басқарудың заңды және соттық бақылаудың толыққанды болуы үшін»қажет деп қорытындылайды» [4].
«Әкімшілік-процессуалдық қатынастардың дамуының осы дәуірін сипаттай келе мынаны атап көрсетуге болады, яғни, әкімшілік-құқықтық көзқарастардың анағұрлым көбірек тараған жүйесінде, көбіне жалпы соттардағы әкімшілік мамандандырылуды бөлуді жақтаушы, орыс ғалым-құқықтанушыларының әкімшілік-құқықтық көзқарастары, Н.М. Коркуновтың көзқарастарына жақын болды. Мысалы, осы дәуірдің белгілі ғалымдарының бірі, ал кейіннен әкімшілік-құқықтық көзқарастардың дамуының кеңес дәуірінің де өкілі – М.Д.Загряцков, ол осы идеяны нақтылай келе, «ішкі басқару аймағында біздің отанымызда қандай да бір нақты кепілдік туралы, жалпы соттар құрамына соттық-әкімшілік мекемелерді енгізгенде ғана айтуға болады» деп атап көрсетті» [5].
Н.М. Коркуновтың көзқарасына қосыла келе М.Д. Загряцков әкімшілік құзіретті қоғамдағы басқарушы құқықты қамтамасыз ететін бірден бір институт деп санайды, себебі ол институттың негізгі міндеті - әкімшілік ұйымның құқыққа қарсы актілерін жою не дұрыстау болып табылады.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, Көне Рим дәуірінен бастап ашық құқық нормалары азаматқа мемлекеттік ұйымдардан қызметтік тұлғалардың озбырлығына байланысты көмек талап етуге мүмкіншілік берген болатын, ол үшін арнайы халықтық трибуна (мінбе) институттары құрылған, олардың қызметі процессуалдық нормалардың белгілі бір ережелері арқылы іске асатын. Орта ғасырларда да әкімшілік әділет элементтері болмай қалмаған. ХІІІ ғасырдың ортасында-ақ Англияда бірте бірте бітістіруші соттардың институты қалыптаса бастады. Бітістіруші соттардың қызметін атқаруды үкімет ірі жер иеленушілерге жүктеді, сөйтіп басқару қызметі мен әкімшілік әділет қызметін өз ішінде біріктірді. Ағылшындық бітістіруші соттар тұрғындардың салық, полицейлік ұйымдармен дауларын талдады.
Қазақстан Республикасында мамандандырылған әкімшілік соттар құрылған. Олардың негізіне немістің әкімшілік әділсотының біршама элементтері алынған, бірақ, сонымен бірге атап айтарлықтай ерекшеліктері де бар. Мысалы, Германияда барлық әкімшілік даулар, онда, бір жағынан субъект болыпмемлекеттік ұйым өкілеттігі атынан мемлекет шықса, қызметтік тұлға атынан шенеунік шығады да, ол тек әкімшілік сотта ғана қаралады, ал бізде, әкімшілік айып салу және жазалауды қарайтын өкілетті ұйымының шеңбері өте кең.
Әлемдік тәжірибе дәлелдегендей, әкімшілік соттар әкімшілік жазалау бермейді, ол көпшілік әкімшілік пен тұлға арасындағы дауларды шешеді, себебі әкімшілік әділет, тұлғаға қатысты жазалау институты емес, құқыққорғаушы болып табылады. Әкімшілік істер бойынша, барлық дамыған алдыңғы қатарлы қоғамдағы әлемдік тәжірибеде мемлекеттік ұйымның немесе қызметтік тұлғаның презумпциялық (кінәлілік-кінәсіздік) принципі әрекет етеді, ал бұл осы сөзсіз және міндетті жағдайда, оның әрекетінің заң жағынан ешқандай мінсіз екендігін және ол, көпшілік билік субъектісі, барлық пайдаланудағы және қолданыстағы құқықтық нормативтерге сәйкес орындалғандығын соттқа жеке өзі дәлелдеуі қажет. Қазақстан Республикасында құрылған арнайы мамандандырылған әкімшілік соттарға бағынышты мекемелер өзгерулері тиіс – әкімшілік құқықбұзушылық туралы істерді қараудың орнына, мұндай соттар басқару аймағындағы әкімшілік-құқықтардан туындайтын дауларды қараулары тиіс.
Барлық жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, атап өтуіміз қажет, әкімшілік іс жүргізетін құқықтық қарым-қатынастар институтының тұтастай кешенді түрде зерттеу заңдылықтары, оның айтарлықтай түрде шынайы өмір сүру жағдайында кеңею беталысын ашуға мүмкіндік жасайды, ол, Қазақстан Республикасындағы азамат мен адамның құқығы мен еркіндігін қорғаудың түрлерін әкімшілік-құқықтық аймақтағы ұйымдастыру-басқару қатынастарының қазіргі заманғы талаптарымен шарттасқан.
Әдебиеттер
- Жетписбаев Б.А. Теоретические проблемы административно-правового принуждения в Республике Казахстан. Монография. – Алматы: Дәнекер, 2001. – 410 б.
- Қазақстан Республикасының Әкімшілік іс жүргізу кодексі. Жоба. – Алматы, 2009. – 141 б.
- Нугманова Э.А. Теоретические и практические проблемы совершенствования административно-юрисдикционной деятельности в Республике Казахстан //Дисс. З.ғ.д. – Алматы, 2010. – 332 б.
- Иоффе О.С. Избранные труды по гражданскому праву: Из истории цивилистической мысли. Гражданские правоотношения. Критика теории «хозяйственного права». – М.: «Статут», 2000. – 777 б.
- Хангельдыев Б.Б. О систематизации советского административного законодательства // Ғылыми еңбектер жинағы. 2 Басылым. - Свердловск, 1964. - Б.84-85.
Астана қ. Алматы аудандық
сотының бас маманы
Сембеков М.