Медиация
Қазақстан Республикасының № 41-І «Медиация туралы» 2011 жылғы 28 қаңтарда қабылданған, 2011 жылдың 05 тамызында күшіне еңген заңы.
Медиация – бұл икемді процесс, құпиялы және бейтарап тұлға (медиатор) принциптерге сәйкес және медиация тәртібін нақты игере отырып, конфликт немесе дау шешуде, байланыс жүргізу, тексеруші шешімін қабылдағанда және реттеуде белсенді түрде екі жаққа көмектеседі.
Медиация дауды шешудің баламалы жұмсақ түрі.Медиация тәртібінде дауда жүрген екі жақ тараптары, медиатордың білім мен біліктілігінің тәжірибесіне сүйене отырып, екі жақты пайдалы шешімге ерікті түрде келеді.Даудың толық шешілуі екі жақты дауласушыларға байланысты.
Қазіргі нарықтық заманда, халық соттан да, соттасудан да шаршады бұл қиындықтан «Медиация туралы» заң ғана құтқарады.
Медиацияның негізгі мақсаты - дауды шешудің медиацияның екі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу, тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету.
Медиацияны жүргізу кезінде медиация тараптары қол жеткізген дауды реттеу туралы келісім жазбаша нысанда жасалады және оған тараптар қол қояды.
Бұл келісімде медиация тараптары, даудың нысанасы, медиатор туралы деректер, сондай-ақ тараптар келіскен келісімнің шарттары, оларды орындау тәсілдері мен мерзімдері және оларды орындамаудың немесе тиісінше орындамаудың салдары қамтылады.
Дауды реттеу туралы келісімді медиация тараптары ерікті түрде осы келісімде көзделген тәртіппен және мерзімде орындауға тиіс.
Егер де, мұндай келісім орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған жағдайда, келісімді бұзған медиация тарапы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жауаптылықта болады.
Қазіргі таңда сот өндірісіне енген «Медиация туралы» заңының 1-бабы 1-тармағында көрсетілгендей, жеке және заңды тұлғаларға қатысты азаматтық, еңбек, отбасылық қатынастарға, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстық істерге қатысты даулар медиацияны қолдану арқылы шешімін табатын болды.
Азаматтық процесс барысында медиацияны жүргізу кезінде тараптар қол жеткізген дауды реттеу туралы келісім іс жүргізу кезінде азаматтық істі қарайтын судьяға жіберіліп, бұл келісімді сот Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде көзделген тәртіппен бекітеді.
Аталған келісім дереу іс жүргізуінде қылмыстық іс жатқан қылмыстық процесті жүргізетін органға жіберіледі және Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген жағдайларда қылмыстық қудалауды болдырмайтын не оны жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін мән-жай болып табылады және дау-шарды реттеу туралы келісім оған тараптар қол қойған күні күшіне енеді.
Медиатордың судьядан айырмашылығы – медиатор жанжалға қатысушылармен болатын келіссөздерге белсенді қатыса алады, ал судья мұны жасай алмайды, ол араласпаушылық принципін ұстануға міндетті. Яғни медиатр, нақты айтқанда сотқа жүгінген жағдайда қай тараптың пайдасына шешім шығуы мүмкін екендігін, оның салдары, кімге қай жағынынан тиесілі, кімге тиесілі емес, жік-жігімен айтып беруге мүмкіндігі бар. Медиацияға бар болғаны 30 күн уақыт беріледі, ал сот процессі айларға, тіпті жылдарға созылады.
Медиация туралы келісімге қол жеткізгеннен кейін, егер іс сотта қаралса, ол сотта бейбіт келісім секілді бекітіледі. Дауласушы тараптар медиация туралы келісім-шарт және сотқа дейінгі тәртіппен жанжалды реттеу туралы келісім жасаған жағдайда, келісім дауласушы тараптар оны ерікті түрде орындауға міндеттеледі дегенді білдіреді.
Айта кететін бір жағдай, медиация рәсіміне қатыспайтын үшінші тұлғалардың және сот әрекет қабілетсіз деп таныған адамдардың мүддесін қозғаған немесе қозғауы мүмкін болған жағдайда, тараптардың бірі мемлекеттік орган болып табылатын азаматтық істерде, сыбайлас жемқорлық қылмыстар, мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы қылмыстық істер бойынша медиация рәсімі қолданылмайды.
Медицияның негізгі мақсаты - қоғамымыздағы орын алған дауларды заңдық тұрғыдан шешуге көмектесе отырып, бітімгершілікке келтіру. Елімізде медиацияға деген сұраныс бар. Бұған статистиканың тілімен жауап беруге болады. Сот жүйесінде жылына көптеген істер, азаматтық немесе қылмыстық істер болсын, екі тараптың өзара келісіміне сай қысқартылады.
Медиацияның ерекшелігін халық қазіргі кезде әлі жеткілікті түсіне алмай отыр. Сондықтан бұл саланы жандандырудың бірден бір тәсілі қарапайым тілмен теледидар, БАК арқылы осы заңнаманы насихаттап, медицианың тиімділігін түсіндіру қажет, медиация арқылы шешілген дауларды жиі мысал ретінде халыққа жеткізіп отыру қажет. Сонымен қатар, халық медиация арқылы дау шешілмеген жағдайда, тараптардың сотқа жүгіну құқығы әрқашан сақталынып қалатынын білу қажет.
Тілеубай А.А.
Есіл аудандық сотының
Бас маман –сот отырысының хатшысы