СҚО-да жыл басынан бері 270 есірткі сілтемесі бұғатталды
https://youtube.com/shorts/1PBxuWCzK2Q?feature=share
Петропавл қаласының блогерлері мен еріктілері есірткіге қарсы күресте полицейлерге қосылып, есірткі жарнамасы бар граффитилерді бояп жоюға қатысты. 18 наурыз күні облыс орталығында есірткіні заңсыз жарнамалау мен насихаттауға қарсы бағытталған ауқымды акция өтті.
Тәртіп сақшылары мен қалалық әкімдік жанындағы Жастар ресурстық орталығының белсенділері Петропавлдың адам аз жүретін аудандарында жұмыс жүргізді. Бұл жерлерде әлі де есірткі сататын интернет-дүкендерге сілтемелері бар жазбалар кездеседі. Акцияны мыңдаған оқырманы бар блогерлер де қолдады.
Полицейлер алдын алу жұмыстарын тек көшелерде ғана емес, интернет кеңістігінде де белсенді жүргізуде. Олар блогосфера өкілдерін тартып, өздері де ақпараттық жұмыстан шет қалмайды: СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының Instagram желісіндегі парақшасы 1 миллион қаралым жинады.
Сондай-ақ құқық қорғау органдары цифрлық ортадағы есірткі қылмысына қарсы іс-қимылға ерекше назар аударып отыр. Жыл басынан бері синтетикалық есірткілерді сатуға қатысты ақпарат таратқан 270 интернет-сілтеме анықталып, бұғаттауға жолданды.
Бұдан бөлек, қаңтар айынан бері СҚО полицейлері Қостанайдан, Астанадан және Ақмола облысынан жеткізілген синтетикалық есірткі арналарының 7 жолын тоқтатып, екі ірі нарколабораторияны жойды.
Игорь Мерцалов
СҚО ПД баспасөз қызметі
