Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

Сыбайлас жемқорлық - мемлекеттің дамуын және  құрылымын, азаматтардың дүниетанымдық көзқарасын, тұтас экономиканы бұзатын негізгі қоғамның індеттерінің бірі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың ең негізгі және басты шарттарының бірі ‑ профилактикалық жұмыстардың жоғарғы деңгейде атқарылуы.

Еліміздің Президенті, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасаудың маңызды екендігін атап өтеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл - Қазақстанның құқықтық реформасының басымды бағыттарының біріне айналды.

Жемқорлықтың қауіпі жоғары екендігі туралы біз балабақша, мектеп қабырғасынан бастап ұғынып, білуіміз керек. Мемлекеттің қарыштап дамуының негізгі себептерінің бірі ‑ жемқорлықтың жойылуы. Осы бағыттарда сыбайлас жемқорлық бойынша туындаған мәселелер - бұқаралық ақпарат құралдарында, жария баяндамаларда жиі айтылып, қозғалып жатыр.       Жемқорлықпен күресудің әдістері мен түрлі бағыттары әзірленіп, негізгі ұсынымдары өз жолын тауып отыр. Жемқорлықтың алдын-алудың негізгі жұмыстарының бірі ‑ профилактикалық жұмыстар.

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында қалалық, аудандық және оған теңестірілген соттардың мамандарымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және прокуратура органдарының өкілдерімен "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл" тақырыбында семинар сабағы өткізіліп тұрады.

Барлық соттарда азаматтардың шағымдары мен ұсыныстарына арналған жәшіктер бар, жәшіктердегі өтініштер болған жағдайда сот мамандарының  қатысуымен ашылады, "Төрелік" ақпараттық жүйесіне тіркеліп және сот төрағасына қарау үшін беріледі.

Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бөлімінің басшысымен әр аптаның бейсенбі күні азаматтарды қабылдау жүргізіледі. Сонымен қатар соттарда сенім телефоны (55-29-01) бар.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында қалалық, аудандық және оған теңестірілген соттардың күту залы, фронт-офистеріндегі мониторларда "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл" тақырыбына бейне роликтер көрсетіледі.

Әлеуметтік желілерінде және басқа да интернет-платформаларда тұрақты негізде мемлекеттік қызметшілердің этикасын сақтау және Нұр-Сұлтан қаласы соттарының судьялары мен қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық көріністері, сондай-ақ олардың лауазымдық өкілеттіліктерінен асып кету фактілері туралы ақпаратты анықтау бойынша мониторинг жүргізіледі. Қазіргі уақытта интернет-платформаларда судьялар мен қызметкерлер арасында анықталған бұзушылық фактілері жоқ.

2019 жылға арналған Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес аудандық және оған теңестірілген соттардың мамандарымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және прокуратура өкілінен "Соттардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру" тақырыбында тағыда 2 семинар сабағы өткізілу жоспарлануда.

 

 

 

Семенов В.

Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімінің басшысы міндетін атқарушысы

 

Оцените новость

  • Ваша оценка
Итоги:
Проголосовало людей: 1

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Актуальные новости

Логотип

О портале

Новостной портал Казахстана, только свежие новости со всего мира!

© 2024 INFOZAKON. Все права защищены.

×