Сот жүйесіндегі оң өзгерістер – ел басшылығы айқындаған реформалар нәтижесі

Сот жүйесіндегі оң өзгерістер – ел басшылығы айқындаған реформалар нәтижесі

Еліміздің сот жүйесіндегі реформалардың бастауында мемле­кеті­міздің негізін қалаған Қазақстан Республикасының Тұң­ғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тұрғаны бар­шамызға белгілі.

Елбасының бастамасымен жүргізіліп жатқан «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, судьялар съездерінде берген тапсырмалары, «Рухани жаңғыру», «Цифрлы Қазақ­стан» бағдарламалары, Мемлекет басшысының Жолдаулары рес­публика сот жүйесін жаңа арнаға салды.  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұдан екі жыл бұ­рын өзінің ант беру рәсімінде айт­қандай, сабақтастықты сақтай оты­рып, Елбасының бастамаларын одан әрі дамытып, іске асырып келеді. Бұ­ған бар білімім мен күш-жіге­рім­д­і сот жүйесіне арнаған кәсіби заң­­гер ретінде көз жеткізіп келемін.

Заңгерлік тәжірибемізді отс­тав­каға шыққаннан кейін де мүм­кін­дігінше пайдаланып, жас заң­гер­лерге ақыл-кеңес беріп, сот жүйесіндегі бастамаларға үн қосып отыруды жөн көрдік. Осы мақсат­та Жоғарғы Соттың отставкадағы судья­­лары­ның бастамасымен «Қа­зақ­­стан Рес­публикасы Жоғар­ғы Сотының отставкадағы судья­лары» қоғам­дық бірлестігін құ­рып, жұмыс істеп жүрміз. Бұл – ком­­мер­ция­лық емес дербес ұйым.

Біз азаматтарды және заңды тұл­­­ғаларды қабылдап, сұрақ­тары­­на жауап береміз, олардың ара­­ларын­­да туындаған дауларды ар­бит­раж, медиация арқылы шешу мүм­­­кіндіктерін қа­рас­тыра­мыз. Осы­­лайша, сот­тар­ға түсірі­летін арыз­­дар мен ша­ғым­­­дарды азай­тып, сот­тардың жұ­­мыс­тарын же­ңіл­­детуге ұмты­ламыз. Соны­мен қатар сот жүйе­сін да­мыту үшін бас­­қа да жолдар мен әдісте­ме­лер­ді іздес­тіре­міз. Судья­лардың әлеу­­меттік мәселе­лерін шешу мүм­­кін­діктерін де қа­рас­­тырамыз. Мә­се­лен, өзімізді тол­ған­дырып жүр­ген өткір мәсе­ле­лер мен сот жү­йе­сіне, қоғамда заң­ды­лық­ты сақ­тау, пандемия ке­зе­ңін­дегі қар­жы-қаражат сая­сатына қатыс­ты ұсыныс-пікірлерді біл­діріп, Мемлекет басшысына арнайы хат жолдадық.

Мемлекет басшысы қолдау білдіріп қол қойған жаңа заңдарға келсек, өткен жылы 10 маусымда Азаматтық процестік кодекске түзетулер енгізілді. Егер бұрын судьяның азаматтық процестегі рөлі шектеулі болып келсе, енді ол өзгерді. Судьяның процестегі бел­сенділігі артты, жауапкершілігі күшейді. Судьяны талап-арыз қыс­пағынан шығармайтын шек­теу­лер келмеске кетті. Судья істің шынайы мән-жайын анық­тау үшін қо­сым­ша дәлелдемелер­ді сұратуға құ­қы­лы. Өз бетінше ақи­қатқа көз жет­кізуге ұмтылып, процесс барысында тараптардың уәждеріне қатысты өз ойын батыл айта алады. Ол үшін заң қажетті өкілеттік беріп отыр.

2020 жылғы 29 маусымда қол қойылған Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекске сәйкес сотқа талап-арыз берген адам емес, ке­рі­­сінше, мемлекеттік орган өз ше­­шімін не әрекетін түсінді­ріп, не­гіздеп, дәлелдеп беруге мін­детті. Міне, осы заң 2021 жылғы 1 шіл­деден бастап күшіне енеді. Бұ­ған дейін сот жүйесінде азамат­тар тарапынан мемлекеттік органдарға қарсы талап бойынша талапкер өз шағымын дәлелдеуге міндетті болды. Судья процесте тыңдайтын. Мемлекеттік органдардың сот шешімдерін орындауы, шыны керек, нашар жүргізілетін. Енді заң бойынша 1 шілдеден бастап мемлекеттік органның кінәлілік презумпция­сы күшіне енеді, бұл дегеніңіз, мемлекеттік органдар өз уәждерін дәлелдеуі тиіс. Судья та­лап­кердің мүддесі үшін белсен­ді­лік көр­сетуге құқылы. Сондай-ақ судья шешімнің орындалуын ба­­қы­­лайды әрі орындамағаны үшін мемлекеттік органның бас­шы­­сы­на айыппұл салуға да құқы бар.

Президент тапсырмасымен судьялар арасындағы сыбайлас жем­қорлыққа қарсы пәрменді шара­лар жүріп жатыр. Оны қоғам сезіне бастады. Соңғы уақыт­та судьялардың парамен ұсталу фак­ті­лерінің орын алуы осыны айғақ­тайды. Осы арада бұл мәселені қо­ғамға судья көзқарасымен тү­сін­діріп өткім келеді. Өйткені оның «сырын» былайғы жұрт көп бай­қай бермейді. «Судья парамен ұс­тал­ды» десе болды, жерден жеті қоян тапқандай, Жоғарғы Сот бас­­шылығын, не жалпы судья­лар қауымын қаралап жатады. Шын мә­нінде солай ма? Жоқ, мүл­де олай емес.  

Біріншіден, сот – классикалық стильдегі мемлекеттік орган емес. Шешімді судья­ның өзі дайындайды және өзі шығарады. Осы орайда оның кеше ғана судья болғаны немесе 20 жыл­дық жұмыс өтілінің бар-жоқ­тығы маңызды емес. Айта­лық, шенеуніктің қатесін тез ара­да, айғай-шусыз түзетуге бола­ды және бұл туралы сырттан біреу­лер­дің, яғни көпшіліктің білуі екі­та­лай. Ал судьяның қателігін жоғары тұрған орган ғана түзетуге құ­қылы. Мұның өзі әрдайым ашық жағдайда өтеді және бірден іске ас­пайды. Оған кем дегенде бір айдан астам уақыт өтеді. Яғни ше­неунік пен судьяның қате­лік­терінің салдары – жер мен көктей. Екіншіден, соттар кадр мәселелерінен шеттетілген. Сот кадр­ларын іріктеумен сот төр­аға­лары емес, мүлдем басқа орган – Жоғары сот Кеңесі айналысады. Кеңес жұмыстан босату немесе жаза беру мәселелерін де шешеді. 

Елбасы мен Мемлекет басшы­сы­ның Жоғарғы соттың басшы­лы­­ғ­ына берген нақты бағыт-бағ­­дарынан кейін судьялыққа білікті мамандарды тартуға жол ашылды

М.Газезова

Ақмола гарнизоны әскери

сотының сот  приставы

                                                                             

 

Оцените новость

  • Ваша оценка
Итоги:
Проголосовало людей: 0

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
×