Қызылордадағы түзеу мекемелеріндегі 63 сотталғанның жеке куәлігі жаңартылды

Қызылордадағы түзеу мекемелеріндегі 63 сотталғанның жеке куәлігі жаңартылды

ҚАЖ мекемелерінде жазасын өтеуші азаматтарды құжаттандыру жұмысымен арнайы есепке алу қызметкерлері айналысады. Қызылорда қаласындағы түзеу мекемелерінің Арнайы есепке алу бөлімі мен қалалық көші –қон полиция басқармасының қызметкерлері мекемеде  жазасын өтеп жүрген азаматтарды құжаттандыру мәселелері бойынша тығыз жұмыс жасауда. Жыл басынан 63 сотталғанның жеке куәлігінің мерзімі аяқталуына байланысты қайта жасалды.

-Атап айтар болсақ, мекемеге жаза мерзімін өтеуге келген бір сотталғанның туу туралы ғана куәлігі болған. Арнайы есепке алу бөлімінің қызметкерлері сотталған азаматтың жеке басын куәландыратын құжатын жасап берді. Жуырда ол азамат сот қаулысымен жазасының өтелмеген бөлігі неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстырылып босатылды. Жеке куәліктің болмауы сотталғандардың бірқатар құқықтарын қиындатады. Сондықтан да арнайы есепке алу бөлімінің қызметкерлері  сотталғандарды құжаттандыру мәселесін  бірінші кезекте қояды.  ҚАЖ мекемелерінен босатылғаннан кейін алынған жеке басының куәландыру құжатымен тұрғылықты мекенжайына барып тіркеліп, жұмысқа орналасады немесе денсаулық жағдайын байланысты жергілікті емханаларға тіркеуге алынады. Қазіргі таңда тағы  21  сотталғанның жеке куәлігі орындалу сатысында,- дейді ҚАЖ департаментінің арнайы есепке алу тобының бас маманы  әділет майоры  Шырын Әбдиева.

Дана Достанова

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Оцените новость

  • Ваша оценка
Итоги:
Проголосовало людей: 0

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
×