Көрсетілген қызмет ұнаған жоқ па?  Digital Agent арқылы хабарласыңыз

Көрсетілген қызмет ұнаған жоқ па? Digital Agent арқылы хабарласыңыз

2018 жылдан бастап Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен мемлекеттік қызмет берушілердің, оның ішінде халыққа қызмет көрсету Орталықтардың, мемлекеттік кірістер (салық қызметі) органдардың, еңбек және әлеуметтік қорғау департаментінің қызметтерін бағалауды мүмкіндік беретін Digital Agent мобильдік қосымшасы іске қосылды.

         Мемлекеттік қызметті алу кезінде проблемалық мәселелер пайда болған кезде, республиканың әр тұрғыны “app store” мен “play market” -тен мобильдік қосымшасын жүктеп алып, қызмет алған ХҚКО-ның немесе басқа мекеменің мәліметтерін енгізіп, оның сапасын бағалауға мүмкінідігі бар.

Қазіргі уақытта Агенттік әзірлеушілермен бірлесіп әкімдіктер және оның құрылымдық бөлімшелердің, бала бақшалар, мектептер және поликлиникаларға дейін мекемелердің қызметін бағалау бойынша мобильдік қосымшасына функциясын енгізу жөнінде жұмыс атқарылуда.

Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Павлодар облысы бойынша Департаментімен Digital Agent мобильдік қосымшаны халық арасында насихаттау жұмысы да жүргізіліп отыр – билбордтар орналастырып, қоғамдық көлікте бейнероликтер көрсетіледі және ақпараттандыру бойынша акциялар өткізіледі.

2019 жылғы 8 қарашада «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Филиалымен бірлесіп Павлодар қаласы әкімдігінің «Open Pavlodar» фронт-офисінде Digital Agent мобильдік қосымшасы туралы ақпараттық брошюраларды таратуымен кезекті ақпараттандыру акциясы өткізілді.

Қосымша арқылы шағымдануға және бұл қосымшаны жедел түрде жүктеу үшін Qr-кодтары бар ролл-апты орнатуы өте өзекті болып табылады.

Іс-шара барысында тұрғындар мобильдік қосымшаны тестілеп, қосымшаның пайдасы мен ол арқылы мәселелерді шешу жеделдігі, оның цифрландыру жағдайындағы өзектілігі туралы өз оң пікірлерін қалдырды.

Жалпы Digital Agent шағым беруге және оның көмегімен жеке мәселелерін шешуге ғана бағытталған емес, сондай-ақ мемлекеттік органдардың проблемалық мәселелерін анықтауға көмектесіп, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне, оларды жетілдіруге ықпал етеді.

Сонымен қатар акция барысында Мемлекеттік корпорация қызметкерлері фронт-офиске келушілерді @Kenes1414Bot. бот арқылы Telegram мессенджер құралымен мемлекеттік қызметті алуға үйретті.

Сондай-ақ, келушілерге ағымдағы жылдың 1 қарашасынан бастап #мекенжай анықтамасы алынып тасталғаны және мүдделі тұлғалар мен мемлекеттік органдар оны сұратуға құқылы емес екендігі туралы түсіндірілді. Тұрғылықты жері бойынша тіркеу мәліметін алу үшін мемлекеттік органдар тіркеу бойынша мәліметті Ішкі істер министрлігінің мәліметтер базасымен интеграцияланған өздерінің ақпараттық жүйелері арқылы алулары қажет.

Жұмыс берушілер және басқа тұлғалардың тұрғылықты жері бойынша ақпаратты e-gov.kz. электронды үкімет порталындағы үшінші тұлғалармен анықтама алу сервисі арқылы алу мүмкіндігі бар. Айта кететіні, үшінші тұлғалар сервисі арқылы тек мекенжай анықтамасын ғана емес, сондай-ақ сотталғандығы болуы/болмауы туралы, жылжымайтын мүліктің болуы/болмауы туралы анықтаманы, наркологиялық, туберкулезге қарсы және психоневрологиялық диспансерлерден анықтамаларды және басқаларын алуға болады.

 

Ә. Байманқұлов,

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Павлодар облысы бойынша Департаментінің бас маманы

Оцените новость

  • Ваша оценка
Итоги:
Проголосовало людей: 0

151 комментария

  1. аватар
    Frmdfk 24 сентября 2023 22:08

    azipro over the counter <a href="https://proneuonline.com/">how to get gabapentin without a prescription</a> gabapentin 100mg drug

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
×