Мәншүк ерлігі жүрегімізде
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында карантин шараларын сақтай отырып, кеңсе мамандары Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76-жылдығын мерекелеу қарсаңында, сондай-ақ Қазақстанның одан әрі өркендеуіне жауапкершілік жүктелетін жастарға ерекше көңіл бөлінетін сананы жаңғырту мақсатында "Өзгерістерді өзіңнен баста" жобасын жүзеге асыру шеңберінде, Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлімі Мәншүк Мәметованың мемориалдық мұражайына барды.
Іс-шара барысында мұражай меңгерушісі Ахмедияр Қуанұлы 1943 жылы 15 қазанда Псков облысы, Невель қаласын неміс-фашист басқыншыларынан азат ету кезінде ерлікпен қаза тапқан қазақтың даңқты батыр қызы Мәншүк Мәметованың өмірі мен ерлігінің тарихынан көптеген танымдық ақпараттармен бөлісті.
Сондай-ақ, мамандар уақытында қазақтың қаһарман қызы Мәншүк Мәметова ұстаған тұрмыстық заттардың түпнұсқаларын көріп, тамашалады.
Мұражай меңгерушісі Ахмедияр Қуанұлы қырық жылға жуық тарихы бар мұражайдың батыр жерлесіміздің өмірбаян деректеріне қатысты құжаттар мен суреттер және тұтынған заттарын сақтап келе жатқан өзіндік ерекшелігі бар орталыққа айналып, жастарға патриоттық тәрбие беруде өзіндік маңызы бар рухани орталыққа ие болған қасиетті де киелі жер екенін айтып өтті.
Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі