СҚО полицейлері жыл басынан бері 132 адамды маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жіберуге көмектесті
Жыл басынан бері СҚО-да мас күйінде 282 қылмыс жасалды. Көп жағдайда олар тұрмыстық зорлық-зомбылықпен, дене жарақаттарымен, бұзақылықпен байланысты. Мұндай фактілердің алдын-алу бағыттарының бірі - алкогольге тәуелді адамдарды мәжбүрлеп емдеуге бағыттау. Әдетте бұл жақын туыстарының өтініші бойынша жасалады, учаскелік полиция инспекторлары тәуелді адамның қажетті рәсімдерден өтуін қамтамасыз ете отырып, көмек көрсетеді. Емдеу курсынан кейін адамдар полицияның назарынан тыс қалмайды. Наркологтар оларды емделді деп тұжырым жасамағанша, учаскелік инспекторлар оларды аулаларды аралау кезінде үнемі тексеріп отырады, құқық бұзушылықтардан сақтандырады.
"Жыл басынан бері СҚО учаскелік инспекторлары алкогольге тәуелді 132 адамды мәжбүрлеп емдеуді наркологиялық ұйымға жіберуді қамтамасыз етті, - дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы полиция полковнигі Айдын Байматов. - Біз адамдардан мамандардың көмегіне жүгінуден тартынбауды сұраймыз: кәсіби қолдаусыз ішімдікке тәуелді адамдардың зиянды тәуелділіктен бас тартуы өте қиын. Егер сіздің туысыңыз ішімдікке тәуелді болса, учаскелік полиция инспекторынан кеңес сұраңыз".
Сондай — ақ, полицейлер құрамында алкоголь бар өнімдердің заңсыз айналымының жолын кесу жұмыстарын жүргізуде - жыл басынан бері 4822 литр алкоголь тәркіленді. Қабылданып жатқан шаралар криминогендік жағдайды сауықтыруға және қылмыстар мен құқық бұзушылықтар санын азайтуға бағытталған.
Игорь Мерцалов
СҚО ПД баспасөз қызметі
222 комментария