Қызылордада ҚАЖ қызметкерлері сынақ тапсырды
Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесінің қызметкерлері сынақ тапсырды.
ЗК-169/4 мекемесі бастығының орынбасары әділет майоры Абай Мамбетов және мекеменің кадр саясаты тобының аға инспекторы әділет капитаны Дінмұхаммед Оспанов мекеме қызметкерлерінен ҚР ІІМ-нің 2017 жылғы 6 маусымдағы №95 бұйрығына сәйкес, қызметтік міндеттерді ойдағыдай орындау үшін қажетті білімді, іскерлікті, дағдыларды тексеру, атыс қаруын және өзге де қаруды қолдануға байланысты және дене шынықтыру даярлығын бақылау нормативтері бойынша сынақтар қабылдады.
Мекеме қызметкерлерінен сынақ қабылдаған мекеменің кадр саясаты тобының аға инспекторы әділет капитаны Дінмұхаммед Оспановтың айтуынша, барлық қызметкерлер тапсырмаларды тиісті деңгейде орындап, жоғары білім деңгейін көрсеткен. Сондай-ақ атыс қаруын қолдану қағидаларын жатқа айтып, оқты нысанаға дөп тигізіп, дене шынықтыру даярлығынан да жоғары нәтиже көрсеткен. Қызметкерлердің жақсы көрсеткіштер көрсетуі мекемеде апта сайын күрестің жауынгерлік тәсілдерін пысықтау, арнайы құралдарды және атыс қаруын қолдану ережелері бойынша және дене шынықтыру даярлықтарын шыңдау, әлеуметтік-құқықтық пәндер бойынша қосымша сабақтар дың тұрақты түрде өткізілуінен дейді әділет капитаны.
Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД