Пробация қызметі есебіндегі азаматтар психодиагностикалық кешенді аппараттан өткізілуде
Қызылорда қалалық пробация қызметінің инспектор- психологы әділет капитаны Г. Жылкаманова және ЗК-169/1 мекемесінің маман- психологы А.Орынбаевпен бірлесіп пробация есебіндегі азаматтардың психологиялық мінез-құлқын анықтау мақсатында "Ақсұңқар" және "Майнд машина" психодиагностикалық кешенді аппаратымен психодиагностикалық зерделеу жұмыстарын жүргізуде. Сотталған азамат психологтың нұсқауымен компьютерлік нысанда тестілеуден өткізіліп, адамның психологиялық портреті тестілеу қорытындысымен автоматты түрде құрастырылады.
«Ақсұңқар» психодиагностикалық кешенді аппаратымен қалалық пробация есебінде тұрған 412 сотталғанды зерделеуден өткізу жоспарлануда. Бірінші кезекте «қызыл» санаттағы, яғни қайта қылмыс жасауға бейім сотталған азаматтар өткізілетін болады.
Қазіргі таңда 128 сотталған зерттеу аппаратымен зерделеніп, психологиялық бейнесі жасалды. Бұл пробация қызметі инспекторларының профилактикалық жұмыстар жүргізіп, сотталғандармен тәрбиелік бағытта жұмыстар жасауына оң ықпал етпек.
Аталған жұмыстар ағымдағы жылдың 20 ақпанына дейін жалғаспақ.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті
1 комментария