Съезде берлген тапсырмалар орындалды
Тәуелсіз еліміз салтанат құрған жылдар ішінде Қазақстан Судьялар одағының жеті съезі өтті. Оның айқын дәлелі ретінде Судьялар одағының кезектен тыс VII съезін 2016 жылдың айтулы шараларының бірі деп білемін. Мемлекетіміздің одан әрі дамуының бағдаршамы болған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 29-қадамында Судьялар съезін өткізу туралы мәселе дер кезінде көтерілген маңызды шара болып, сот жүйесінің тарихына жазылды. Республика судьяларының VІІ съезі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен және өңір судъяларының, съез Делегаттарының қатысуымен, судьялар алдына қойған міндеттерін талқылау мақсатында кеңейтілген кеңес өткізілді. Онда сот жүйесінің болашақтағы даму басымдықтары айқындалды. 2016 жылы 20 қарашада өткен, Республика судьяларының VІІ-ші съезіне көз жүгіртсек, Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан Республикасындағы құқықтық саясатты жетілдіру, сот жүйесін одан әрі дамыту бағытындағы сот жүйесіне қойған талаптары да, айтқан тілектері де аз емес болатын. VII-ші съезде судьялардың жаңа Әдеп Кодексі қабылданды. Қабылданған судьялық Әдеп кодексінің талаптарына сай, азаматтар судьялардың әрекетіне қатысты арнайы құрылған Жоғарғы Сот жанындағы Сот жюриіне шағымдана алады. Съездің басты күн тәртібі «Судьялардың жаңа Әдеп кодексін қабылдау» деп белгіленсе де, съезд жұмысының барысында отандық сот жүйесінің тәуелсіздік алған жылдар ішінде жеткен жетістіктері және шешілуге тиісті міндеттері мен мақсаттары туралы кең ауқымды мәселелер талқыланды. Осы ретте Жоғарғы сот Төрағасы Қ.Мәми өз баяндамасында сот жүйесінің өткені мен болашағы туралы жан-жақты айтып берді. Төраға бүкіл судьялар қауымы алдында Ұлт жоспарының заң үстемдігін қамтамасыз етумен байланысты саласының өз уақытында әрі тиісті деңгейде іске асырылғанын атап көрсетті. Мәселен, Жоғарғы сот Ұлт жоспары бойынша өзіне жүктелген 11 қадамның барлығын да толықтай орындап шықты. Атап айтқанда, сот залдары бейнебайланыс құрылғыларымен 100 пайызға жабдықталды. Бейнебайланыс жүйесі сот төрелігін қашықтан жүргізуге мүмкіндік береді. Мәселен, қазіргі таңда еліміздегі соттар басқа өңірдегі адамнан қашықтан куә ретінде жауап алу мүмкіндігін ұтымды пайдлануда. Бұған қоса, бейнебайланыс жүйесі бас бостандығынан айыру орындарында және тергеу абақтысында отырған сотталған немесе тергеуде жүрген адамдарды тасымалдамай-ақ жауап алу үшін қолданылады. Сонымен қатар, сот әділдігін жүзеге асырудың жұртшылыққа ашықтығын, жариялылығын және қолжетімдігін қамтамасыз ету мақсатында Республикадағы барлық соттардың қызметі туралы үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) ақпарат ұсынатын Жоғарғы Соттың www.sud.gov.kz ресми веб-сайты азаматтардың сот қызметін электронды сервис арқылы алуына оңтайлы мүмкіндік туғызды. Бұқаралық ақпарат құралдарымен осы бағытта да жүйелі түрде қарым-қатынас орнап, қоғамға қызығушылық тудырған қандай-да бір істер бойынша ақпараттар лезде ұсынылуда. Жоғарғы Соттың сайтында «Сот кабинеті» сервисі іске қосылды. Сотқа келушілердің сергелдеңге түспеуі мақсатында, осы сервистің арқасында электронды цифрлық қолтаңбаға ие азаматтар қазіргі таңда үйінен немесе кеңседен шықпай-ақ сотқа талап қою арыз, шағым, өтініш, пікір немесе қарсы талап қою арызды электронды түрде беріп, мемлекеттік баж салығын онлайн режимде төлеуде.Электронды сот төрелігін дамыту бойынша Жоғарғы Соттың бүгінгі бастамаларының келешегі зор және бұл бағыттағы жүйелі жұмыс Елбасы Жолдауы негізінде іске асырылып жатқан «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының мазмұнымен толық үйлесім тауып отыр. Сот жүйесінде заманауи техникаларды енгізу және қолдану сот ісін жүргізуді жеңілдетеді, бюрократиялық кедергілерді жояды, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетеді, азаматтардың уақыты мен қаражатын үнемдейді, ел тұрғындары үшін сот жүйесінің барынша айқындығы мен қолжетімділігіне мүмкіндік беретіндігі айтылды.
VII-ші съезде Мемлекет басшысы «Медиация туралы» заңының орындалуы туралы сөз қозғаған болатын. Осы заңның аясында да ауқымды жұмыстар атқарылып, өңірлерде талапкерлердің кейбір даулар және жеңіл, орта дәрежедегі қылмыстар бойынша сотталушылардың тағдырлары кәсіпқой медиаторлардың қатысуымен соттан тыс реттелуде. Бұл жаңа институттың жергілікті соттар судьяларының істерді қарау жүктемесіне едәуір септігін тигізіп отырғаны тағы бар.
Қазіргі уақытта, Республиканың сот жүйесінің қайта реформалануы қоғамда оң баға алып, жұртшылықтың сенімділігін арттырып, сот жүйесінің беделін одан әрі жоғарылатқаны, Елбасымыздың сот жүйесі алдында қойған талаптарының тиянақты орындалып отырғанын айғақтайды.
Ақтобе облысы
Мұғалжар аудандық сотының төраға м.а Ж.М.Сейтжапаров