Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

Сыбайлас жемқорлық — әзірше әлемнің бір-де бір елі жеңіп шыға алмаған әлеуметтік індеті.Сыбайлас жемқорлыққа шек қоюға, әлеуметтік қатынастарды қоғамға зиян келтіріп мүмкіндіктерін асыра пайдаланудан мүмкіндік шегінде жағдай жасауға болады.

Әлемнің барлық мемлекеттері осы бәлеге тап болып отыр. Сонымен қатар қазіргі заманғы жағдайда сыбайлас жемқорлық мемлекеішіндік проблемадан біртіндеп ғаламдық проблемаға айналып бара жатыр.

Қазір алдыңғы қатарлы елдерді қоса алғанда барлық елдер жаңа қауіптерді ескере отырып сыбайлас жемқорлықпен күрестің өз үлгілерін қайта қарауда. Сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті күшейту жөнінде жаңа заңдар қабылдап жатыр.

Сыбайлас жемқорлық, коммерциялық қызметте әлде ықпал  үшін қажет элемент болса, нарықтық бәсекелікте негізделген онсыз ұзақ мерзімді экономикалық өсуі мен дамуы мүмкін емес, экономиканың дамуына маңызды шектеу және кедергі жасайды.

Бақылауға алынбайтын сыбайлас жемқорлықтың ең қауіпті зардабы мемлекет және  қоғамның өз арасындағы жүйелі негіздегі қарым-қатынасқа зиян болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа деген қоғамның немқұрайлылығы және төзімділігі, адамдармен қоғамдық мүддеге қауіп сияқты емес, мінез-құлық нормасы болып қабылданып кеткен сыбайлас жемқорлық, құқықтық мемлекеттің құрылған фундаментін бұзуға бейімделген бақылаудан шыққан күш болуының кепілдігі болып отыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру – тұлғаның адамгершілік, зияткерлік, мәдени тұрғыдан дамуы және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын, тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз процесі. Ақпараттық және ұйымдастырушылық қызмет бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік маңызды іс-шараларды, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шараларды ұйымдастыру арқылы іске асырылады.

Мемлекеттік органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдайды.

 

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының бас маманы – сот мәжілісінің хатшысы Н.Раймханов

Оцените новость

  • Ваша оценка
Итоги:
Проголосовало людей: 0

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив