Болашағымызды өркендету және ел беделін асқақтату үшін сот жүйесіндегі  игі істер

Болашағымызды өркендету және ел беделін асқақтату үшін сот жүйесіндегі игі істер

Еліміздің жыл өткен сайын жаңаша бағыт-қарқынмен алға басуы халқымыздың береке-бірлігін, бақ-дәулетін одан сайын нығайтуда. Елбасы айқындап берген сындарлы саясаттың өміршең екеніне барша халық көз жеткізіп отыр. Бүгінде мемлекет жүктеген міндеттерді жүйткіген уақыт талабына сай жүзеге асыру – барлық құзыр­лы органдар мен мекеме-ұйымдарда қызу қар­қын­мен жүргізілуде.

Атап айтсақ, тәуелсіздіктің алғашқы үш жылында жаңа сот жүйесінің іргетасы қаланып, әділ сот жүйесінің материалдық-техникалық мә­се­лелері реттелді. Соттар мен судьялардың мәрте­бесі нығайтылып, сот құры­лымы мен сот өндірісін жүргізу тәртібі түбегейлі өзгеріске ұшырады. Қазіргі таңда, еліміздің сот жүйесінде де біршама игі істер қолға алынды.

Республика судьяларының VІ съезінен кейінгі жылдар сот жүйесін түбегейлі қайта құру­мен ерекшеленеді. Әсіресе, бұл бағыттағы жұмыстар Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарынан кейін неғұрлым жандандырылып, отандық сот жүйесі одан әрі жетілдіріліп, дами түсті. Осы ретте заңнамалар жаңартылып, судьялық­қа үміткерлерге қойылатын талаптар күшей­тіліп, қызметтегі судьялардың жұмысына ақпараттық технологиялар белсенді түр­де енгізілуі елімізде сапалы жаңа сот-құқықтық мәдениетті қалыптас­тыруға ықпал етті.

Ал, судьялардың VІІ съезін өткізуге судьялардың жаңа Әдеп кодексін қабыл­дау қажеттігі негіз болғанын айта кеткен жөн. Бұл өз кезегінде судьялардың жанжалды жағдайлардан бойын аулақ ұстап, өзінің процестік тәуелсіздігін сақтап, істі қарауда әділдік қағи­дасын ұстауына мүмкіндік бермек.   

Сөйтіп, жүргізілген реформалар отандық сот жүйесін неғұрлым жаңғырта түскенін айта кеткім келеді. Соңғы үш жыл ішінде түбегейлі қайта құруларды бастан өткерген отандық сот жүйесі сот ісін жүргізу ісін барынша оңтайландыра отырып, сот төрелігінің сапалық тиімділігін арттырды.

 Сот сатыларын оңтайландыру сот төре­лі­гінің қолжетім­ділігіне жол ашып, түбегейлі шешім қабылдау мерзімін айтарлықтай қысқар­туға ықпал етті. Бұрындары кейбір санаттағы істерді қарау мерзімі бір жарым жылға созылған болса, қазір ол үш сатылы сот жүйе­сінің негізінде әрі кеткенде 6-9 ай аралығында шешімін табуда. Сот жүйесіндегі осындай оң өзгерістер мен қайта құрулардың нәтижесін өзгеріске ұшыраған сот актілері үлесінің азайған­дығынан да байқауға болады. 

Бүгінгі күні сот залдарына толығымен  аудио-бейнежазба жүйесі орнатылып, «Сот кабинетімен» жабдықталған.

Сонымен қатар, азаматтардың өз құқықтарын қорғау үшін соттарға өтініш беруі барынша артып, статис­ти­калық деректер көрсеткендей, сотқа келіп түскен істер саны едәуір өсті. Бұл халық тарапынан соттарға деген сенімнің ұлғайғанын білдіреді.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Әкімшілік процессуалдық кодекстің жобасын әзірлеуді де қолға алынды. Бұл заң жобасы өз кезегінде қылмыстық және азаматтық сот өндірісімен қатар, әкімшілік сот төрелігін жүзеге асырудың құқықтық іргетасының заңды тұғырына айналады деп сенеміз.

 

Астана қаласы бойынша

мамандандырылған ауданаралық

әкімшілік соттың судьясы                                     

Ахметкалиев Б.Н.

Оцените новость

  • Ваша оценка
Итоги:
Проголосовало людей: 1

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив