Жауапкер шарт бойынша қызмет көрсетуден бас тартты

Жауапкер шарт бойынша қызмет көрсетуден бас тартты

2016 жылы «Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ мен «Ф» ЖШС-нің арасында қызметті мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалды. Шартқа сәйкес, жауапкер жалпы сомасы 2 млн теңгеге Астана қаласының аз қамтылған отбасыларға азық-түлік алуды қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге міндеттенді.

Алайда біраз уақыт өткеннен кейін жауапкер қаржы қиыншылықтарына байланысты қызмет көрсетудің мүмкін еместігі туралы бас тарту хатын жолдаған. Соған байланысты ММ Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына ЖШС-ті мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы арызбен жүгінді.

Сотта «Ф» ЖШС-і тауарды қоюдан бас тартып, өзінің міндеттемелерін тиісінше орындамағандығы анықталды.

Сот іс материалдарын зерттей отырып, талапкердің талап арызын толық көлемде қанағаттандырды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

 

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының материалдары бойынша

Оцените новость

  • Ваша оценка
Итоги:
Проголосовало людей: 1

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив