Сот және судьялардың мәртебесі

Сот және судьялардың мәртебесі

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес «Сот төрелігін тек қана сот жүзеге асырады, судья сот төрелігін жүзеге асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға бағынады» деп көрсетілген. Сот беделі ең алдымен, судьялардың нақты тәуелсіздігіне, кәсіби біліктілігіне, қарапайым халыққа етене жақындығы мен ашықтығына тікелей байланысты. Сол себепті де судьялар сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және тек Конституция мен заңға ғана бағынатыны, судьялардың мәртебесі мен тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін заңдарды немесе өзге де нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға жол берілмейтіні, соттың сот төрелігін іске асыру жөніндегі қызметіне қандай да бір араласуға жол берілмейтіні және заң бойынша жауаптылыққа әкеп соғатыны, сот актілері мен судьялардың өз өкілеттіліктерін жүзеге асыру кезіндегі талаптарын барлық мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары, жеке және заңды тұлғалар орындауға міндетті екені, бұл талаптарды орындамау, сонымен қатар сотқа немесе судьяға құрметтемеушілік білдіру заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғатыны нақты көрсетілген.

         Қазақстан Республикасында барлық судьялардың мәртебесі бірдей, бір-бірінен тек өкілеттіктерімен ғана ерекшеленеді. Судьяның құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының «Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» заңымен айқындалады. Әлемдегі кез-келген құқықтық, демократиялық мемлекет үшін сот тәуелсіздігін қамтамасыз етудің мәні мен маңызы орасан. Өйткені сот билігі – демократияның негізі. Әрі билік айтатын қазылардың тәуелсіздігі үкім шығарылған істегі сот төрелігін заң шеңберінен аспайтындай бейтарап жүзеге асыру үшін аса қажет.

         Бүгінгі таңда халықтың сотқа, сот төрелігіне деген сенімі күннен күнге артып келеді. Сот саласында жүріп жатқан реформалар барысында соттардың қызметін жан-жақты жетілдіруге, соттардың материалдық-техникалық жағдайына, сот ғимараттарының күрделі жөнделуіне, жаңадан салынуына, соттарды заман талабына сай жабдықтау, судьялардың және мамандардың біліктілігін көтеруіне, сот билігінің дәрежесін көтеруге айрықша көңіл бөлініп отыр. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаменті соттардың материалдық-техникалық жағдайының шешілуіне игі әсер тигізуде, себебі Департамент тек біріңғай соттарды материалдық техникамен жабдықтаумен қамтамасыз ету сияқты шаруамен айналысады.

Сот жүйесінің бүгінгі ат­қаратын қызметі мен рөлінің қан­дай болу керектігі Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың судья­­лардың кезекті VІ съезінде сөй­ле­ген сөзіндегі: «ХХI ғасырдағы ұлт­тың дамуының маңызды өлшемі – мінсіз және тиімді ұлттық сот төре­лігі жүйесі. Тәуелсіз және әділетті сот – құқықтық мемлекеттің негізі. Он­сыз әлемнің бірде-бір елінде, тіпті ең дамыған мемлекеттерде қолайлы ин­вес­тициялық ахуалдың да, аза­маттардың әл-ауқатының жоғары дең­гейінің де, қоғамның табысты дамуының да болуы мүмкін емес», деген тұжырымынан да анық көрінеді. Сондықтан да сот процестеріне сот тал­­қылау хаттамасының сапасы мен толықт­ығын қамтамасыз етіп, бекі­­тетін, сондай-ақ сот төрелі­гін бел­­гілі бір арақашықтық режі­мімен бас­қарудың тиімді тетігі ретін­де элек­т­ронды жүйені енгізу тап­сырыл­ған болатын. Бүгінгі күні Тұңғыш президенттің осы тапсырмасын ойдағыдай жүзеге асырудың нәти­жесінде сот жүйесінде халықтың сенімін арттыру мақсатында заманауи жаңа құрал­дар енгізілген, сот залдары аудио-бейнеқұрылғыларымен жаб­­дық­­талған, азаматтар талап-арыздарын әлеуметтік желілер арқылы жіберіп, бақылап отыруға жағдай туған. Аталған заманауи ақпараттық құ­рал­­­­дар­д­ың дамуы іс жүргізу нормаларын сақтауды қамтамасыз етіп, процеске қатысушылардың өз құқықтарын дұрыс пайдалануға ықпал етуде.

Қазіргі таңда соттар мен судьялардың мәртебесі заңнамалық тұрғыда нақтыланып, тұрмыстық жағдайлары жақсартылды. Әлеуметтік қорғалуының құқықтық кепілдіктері нығайтылды. Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының жасампаз да жарқын, сара саясатының нәтижесінде елімізде шын мәнінде құқықтық демократияға кең жол ашылды. Осынау қол жеткен жетістіктерді баянды ете отырып оны ары қарай жалғастыру елінің ертеңін ойлайтын әрбір азаматтың абыройлы борышы екендігі даусыз.

 

Бас маман                                                          

Р.Файзрахманова

Оцените новость

  • Ваша оценка
Итоги:
Проголосовало людей: 0

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Актуальные новости

Логотип

О портале

Новостной портал Казахстана, только свежие новости со всего мира!

© 2024 INFOZAKON. Все права защищены.

×