«Астана» халықаралық қаржы орталығының  Нидерландқа сапары туралы

«Астана» халықаралық қаржы орталығының Нидерландқа сапары туралы

2017 жылғы 15-17 ақпанда «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Басқарушысы Қайрат Келімбетовтың Нидерланд Корольдігіне сапары өтті.

 

Шетелдік инвестицияларды тарту бойынша Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында айқындалған мақсат-міндеттерді жүзеге асыру аясында өткен сапарды Қазақстанның Нидерландтағы Елшілігі мен АХҚО ұйымдастырды.

 

Сапар аясында Қ. Келімбетовтың Нидерланд Қаржы министрлігі мен Орталық Банкі басшылығымен, 115 мың кәсіпорындарды жұмылдырылған Нидерланд өнеркәсіпшілері мен жұмыс берушілер конфедерациясының және «Residents Corporate Services» және т.б. компаниялар жетекшілерімен кедесулері орын алды.

 

Келіссөздер барысында шетелдік капиталы бар компаниялардың салық, ұйымдастырушылық және құқықтық реттеу жүйелерін жетілдіру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ ерекше назар сенімді басқару мен корпоративтік қызмет көрсету салаларындағы озық голланд тәжірибесіне аударылды. Кездесулер аясында тараптар қаржы-инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мен тәжірибе алмасуға өзара мүдделілік танытты.

 

Оған қоса, отандық делегация Амстердамдағы Дүниежүзілік сауда орталығына (WTCA) барды. Дүниежүзілік сауда орталықтары ассоциациясы басшылығымен болған келіссөздер қорытындысы бойынша «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту аясындағы ынтымақтастықты өрбіту мақсатында «WTCA» сарапшыларының Елордаға сапарын өткізу бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.

 

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің

баспасөз қызметі

Оцените новость

  • Ваша оценка
Итоги:
Проголосовало людей: 0

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив