ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ КҮШТЕРДІҢ «ҚАЗАҚСТАН – 2050» ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ КОАЛИЦИЯСЫНЫҢ ҮНДЕУІ

ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ КҮШТЕРДІҢ «ҚАЗАҚСТАН – 2050» ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ КОАЛИЦИЯСЫНЫҢ ҮНДЕУІ

ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР!

2017 жылғы 26 қаңтар

 

Біз, барлық әлеуметтік топтар мен өңірлердің мүдделерін білдіретін Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының мүшелері, елміздің жетекші саяси партияларының, Қазақстан халқы Ассамблеясының, ірі қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері:

 

Еліміздің Тұңғыш Президентінің көшбасшылығын және жалпы әлемдегі мықты, табысты және құрметті мемлекет ретінде тәуелсіз Қазақстанды құрудағы президенттілік институтының тарихи маңызын мойындай отырып;

Елбасымыздың мемлекеттілікті нығайтуға, республикамызды одан әрі саяси, экономикалық және әлеуметтік жаңғыртуға арналған Мемлекеттік бағытын толығымен қолдай отырып;

Мемлекет басшысының қазіргі заманның жаһандық және өңірлік қауіп-қатерлеріне әрекет ету қажеттілігі туралы ұстанымын қолдай отырып;

Қазақстан Президенті саяси жүйені одан әрі демократияландыру үшін мемлекеттік билік тараптары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу, сондай-ақ «Бес институционалды реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру және еліміздің әлемдегі 30 жетекші мемлекеттің қатарына кіру бойынша «Қазақстан-2050» Стратегиясының мақсаттарына қол жеткізу жөнінде ұсынып отырған реформасының ерекше маңызын ескере отырып;

заманауи қоғамдық процестердің жылдамдығы мен күрделілігін және Қазақстан азаматтары мен болашақ ұрпақ алдындағы өзіміздің жауапкершілігімізді түсіне отырып;

 

Қазақстанның барлық азаматтарын Елбасымыздың мемлекеттік билік тараптары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша бастамасын талқылауға белсенді қатысып, қолдауға шақырамыз.

Елбасымыздың мемлекеттік басқарудың тиімді және үйлестірілген жүйесін қамтамасыз ету бойынша ұсынып отырған жаңа реформасы Қазақстанды саяси трансформациялаудың эволюциялық кезеңі және қазақстандық мемлекеттілік пен демократияны дамыту жолының логикалық жалғасы болып табылады.

 

Үкіметтің экономика саласындағы атқарушылық өкілеттіктері мен дербестілігін кеңейту және оның жауапкершілігі мен Парламент алдындағы есептілігін күшейту еліміздің бірнеше жылға алға саяси тұрақтылығын қамтамасыз етуге негіз жасайды.

Парламенттің бақылау функцияларын күшейту Үкіметтен ағымдағы және стратегиялық жұмысының сапалы жаңа деңгейін, айқындылығы мен жоғары заңнамалық органға, яғни Қазақстан халқына есептілігін арттыруды талап етеді.

Парламенттің рөлін күшейту саяси процестің белсенді субъектілері, қоғамдық пікірталас пен дебаттардың негізгі орталықтары, кең әлеуметтік топтардың мүдделерін атқарушы ретінде Қазақстанның барлық саяси партияларының дамуына жаңа мүмкіндік тудырады.

Күтіліп отырған реформалар Қазақстанның әрбір азаматының қатысуын талап етеді. Халқымыздың рухани байлығы, ұлтымыздың сапасы, оның заман талаптарын қабылдау және тек алға даму қабілеттері біздің мемлекетіміздің жетістігін айқындаушы факторы болған және болады да.

Демократиялық күштердің «Қазақстан» жалпыұлттық коалициясының мүшелері қазақстандықтардың болашақ ұрпақтары үшін барлық азаматтарды Елбасымыздың бастамаларын қолдауға шақырады.

 

«Нұр Отан» партиясы, «Ақ Жол» Демократиялық партиясы, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы, Қазақстан Коммунистік халықтық партиясы, «Бірлік» саяси партиясы, «Қазақстан кәсіпкерлері форумы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Республикалық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясы стипендиаттарының қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстанның азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің ардагерлері» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылымдар академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Ардагерлер ұйымы» републикалық қоғамдық бірлестігі, «Қазақстанның кәсіпкер әйелдері одағы» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан Республикасының кәсіподақтар федерациясы» республикалық кәсіподақтар бірлестігі, Қазақстан кәсіпкерлерінің «Атамекен» ұлттық палатасы, «Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Қазақстан тұтынушыларының ұлттық лигасы» қоғамдық бірлестігі, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан ардагерлері» Ауғанстан соғысы ардагерлерінің қауымдастығы, «Қазақстан украиндары радасы» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстанның дағдарыс орталықтары одағы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Қазақстан мүгедектерінің конфедерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымдарының одағы» қоғамдық бірлестігі.

 

«Нұр Отан» партиясының

баспасөз қызметі

 

 

Оцените новость

  • Ваша оценка
Итоги:
Проголосовало людей: 0

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив