«Рақымшылық Заңының қолданылуы»

«Рақымшылық Заңының қолданылуы»

«Рақымшылық Заңының қолданылуы»

 

Қазақстан Республикасының Президентімен 2016 жылдың желтоқсан айының 13 жұлдызында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы Заңы қабылданды.

Аталған Заңның 2-ші бабында жазадан босатылатын адамдар нақты көрсетілген:

1. Қылмыстық теріс қылықтар және онша ауыр емес қылмыстар жасаған адамдар жазадан босатылады.

2. Ауырлығы орташа қылмыстар үшiн сотталған адамдар:

1) кәмелетке толмағандар;

2) жүкті әйелдер, кәмелетке толмаған балалары немесе мүгедек балалары бар әйелдер, сондай-ақ кәмелетке толмаған балалардың жалғыз ата-анасы болып табылатын ер адамдар;

3) I, ІІ және IIІ топтардағы мүгедектер;

4) елу жастағы және ол жастан асқан әйелдер, алпыс жастағы және ол жастан асқан ер адамдар;

5) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар;

6) әскери және (немесе) интернационалдық борышын орындау кезiнде қаза тапқан әскери қызметшiлердiң жесiрлерi, сондай-ақ күйеулерi соғыс мүгедектерi және оларға теңестiрiлген адамдар болып табылатын әйелдер жазадан босатылады.

Осыған орай, Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотында аталмыш Заңнама талаптары қылмыстық санатына қарай кеңінен қолданылуда.

Атап айтқанда, аталған Заң заңды күшіне енген күннен бастап, яғни 2016 жылдың желтоқсан айының 14-30 күндері аралығында аудандық сотта Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 11 бабының талабына сай онша ауыр емес қылмыстар, ауырлығы орташа қылмыстар санатына жататын 6 тұлғаға қатысты қозғалған 6 қылмыстық іс сот қаулыларымен өндірістен қысқартылды.

Мысалға, Н. есімді сотталушы 20.05.2016 жылы «Mersedes Benz Sprinter» автокөлігін басқарып келе жатқан кезінде Астана қаласы, Кабанбай батыр мен Хусейн Бен Талал даңғы-лында орналасқан қиылысында Қазақстан Республикасы жол көлік Ережесінің талаптарын сақтамауының салдарынан қарсы келе жатқан «VolkswagenGolf» автокөлігімен жол көлік оқиғасының орын алуына жол берген.

Соның нәтижесінде «VolkswagenGolf» автокөлігінің жүргізушісі Б. есімді азаматқа сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сәйкес орташа дәрежедегі дене жарақаты келтірілген.

Осыған байланысты, жоғарыда аталған қылмыскерге қатысты Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 345 бабының 1 бөлігімен айып тағылып, соттың қарауына жолданған.

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотының қаулысымен Н. есімді қылмыскерге қатысты қозғалған қылмыстық істің Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 11 бабының талабына сай онша ауыр емес қылмыстық санатына жатуына орай Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы қабылданған Заң талабына сәйкес өндірістен қысқартылды.

Алайда, рақымшылық Заңы аталмыш баптың санкциясында көрсетілген қосымша жазадан, яғни Н. есімді сотталушыны 2 жыл мерзімге жүргізу құқығы-ның айырудан босатпайды.

 

 

 

Айдос Ерғалы

 

Астана қаласы

«Есіл» ауданы прокуратурасының

бөлім прокуроры


Оцените новость

  • Ваша оценка
Итоги:
Проголосовало людей: 0

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив