"ANTIKOR ORTALYǴYNDA" ЕЛОРДА КӘСІПОДАҚТАРЫНЫҢ БАСТАМАЛАРЫ АЙТЫЛДЫ

#ANTIKOR.LIVE жобасы аясында «ANTIKOR ORTALYǴY» алаңында Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіподақтар орталығы төрағасының міндетін атқарушы Төлеген Күнәділов, Кәсіподақтардың спорттық сауықтыру қоғамының президенті Бақытжан Есжанов пандемия кезіндегі  елордалық кәсіподақтардың жұмысы туралы  және  «Салауатты жұмыс орындары»  бағдарламасы жөнінде әңгімелеп берді.

Төлеген Күнәділовтың айтуынша, әлеуметтік серіктестік тараптарымен бірлесе жұмысшылардың жаппай жұмыстан шығарылуын, жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларының нашарлауын болдырмау үшін жұмыстар жүргізіп және жалақы бойынша берешекті үнемі қадағалап отырады.

Жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша 2020 жылы 48 миллион теңгеден астам жалақы бойынша берешек өтелді, осылайша 250 қызметкердің еңбек және конституциялық құқықтары қорғалды. Ағымдағы жалақы бойынша берешек туындаған жағдайда компанияларға әкімшілік шаралар қолданылады, сондай-ақ елорда әкімінің орынбасары Н.Ж.Нұркеновтың төрағалық етуімен әкімдіктегі жұмыс тобының отырысында қаралады.

Еңбек қатынастарының жағдайы туралы жуық араға талдау мәліметтері мен болжамдары келтірілген «Еңбек дауларының картасы» жасалды. Ең өзекті мәселелер бойынша жұмыс топтары құрылып, талдау жүргізіліп, тиісті шаралар қабылдануда.

Сонымен қатар, кәсіподақтар елордадағы медицина қызметкерлерін қорғау мәселесіне белсенді араласуда.

Атап айтқанда, "SENIM" Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы" РҚБ қолдауымен Астана филиалы  өмірдің қиын жағдайларына тап болған және коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған карантин жағдайында азаматтардың денсаулығын белсенді қорғаған «SENIM» кәсіподақ мүшелеріне 1 миллион 250 мың теңге көлемінде сыйақы берді.

Елорданың №3 көпсалалы ауруханасының қызметкерлері үшін 2 млн теңгеден екі тұрғын үй сертификаты бөлініп және екі тоңазытқыш сатып алынды. Сонымен қатар,  көпсалалы аурухана мен қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлеріне 700 мың теңгеден астам сомаға мультивитаминдер таратылып,  №9 және №11 емханаларына  200 мың теңгеге дезинфекциялау құралдары алынып берілді. Коронавирус инфекциясымен ауырған жедел жәрдем қызметкерлеріне материалдық көмек көрсетілді. Фтизиопульмонология орталығының қызметкерлеріне 354 мың теңгеге "Хрустальная" ауыз суы сатып алынды.

Медицина қызметкерлері күніне орай 100 мың теңгеден 5 сертификат және 50 мың теңгеден 12 сертификат бөлінді.

Қазақстандық кәсіподақтардың спорттық-сауықтыру қоғамының президенті Бақытжан Есжанов өз сөзінде денсаулықты қолдау, еңбек өнімділігін жақсарту және ұлт денсаулығын сақтауға қолайлы әсер ету үшін 2020-2022 жылдарға арналған "Салауатты жұмыс орындары" бағдарламасы әзірленгенін, онда еңбек күніне өндірістік гимнастиканы, дене шынықтыру-үзілістерді енгізуді, сондай-ақ елорданың кәсіпорындарында, ұйымдары мен мекемелерінде дене шынықтыру ұжымдарын құру көзделгенін айтып өтті.

Дене шынықтыру ұжымдарын құру қызметкерлердің денсаулығына кешенді тәсілді қолдануды, оның ішінде әр қызметкер үшін физикалық белсенділіктің жеке бағдарламаларын әзірлеуді, медициналық тексеруге негізделген оның биометриялық көрсеткіштерін есептеуді қамтиды. Мысалы, ұйымдағы медицина маманы, көпкомпонентті тәсілдерді қолдана отырып, салауатты өмір салтының  әртүрлі факторларын, соның ішінде жеткілікті физикалық белсенділікті, оңтайлы теңдестірілген тамақтануды және т.б. жеке ұсыныстарды жасауы керек. Мұндай нақты жұмыс халықтың спортпен шұғылдану қажеттіліктерін және олардың мүмкіндіктерін анықтауға және еңбекшілердің қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, өндірістік гимнастиканың еңбек процесіне енгізілуі, жарақаттанудың орташа есеппен 17%-ға төмендеуіне ықпал етеді, ұжымда сырқаттанушылықты 40-50%-ға,  еңбекке жарамсыздық кезеңін 20% -ға қысқартады, созылмалы аурулардың анықталуын 10-15%-ға арттырады және еңбекке уақытша жарамсыздықтың орташа мерзімін 30% - ға азайтады.

Бүгінгі таңда, біздің еліміз әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруге ұмтылған кезде, қойылған мақсаттардың іс жүзінде іске асырылуы көбінесе ел халқының зияткерлік және физикалық әлеуетіне байланысты болатындығын ескеру маңызды.

 

 

 

 

Оцените новость

  • Ваша оценка
Итоги:
Проголосовало людей: 0

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
×