Қазақ тілінің сотта қолданылуы

Қазақ тілінің сотта қолданылуы

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқрау, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі және мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылып, мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайтындығы айтылған. Оны білу және үйрену – Қазақстанның барша азаматының парызы.

«Қазақстан Республикасындағы Тiл туралы» Заңының 11-бабына сәйкес, мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдардың азаматтардың өтiнiштерi мен басқа да құжаттарға қайтаратын жауаптары мемлекеттiк тiлде немесе өтiнiш жасалған тiлде берiледi.

Жоғарыда аталған Заңдар және өзге де нормативтік-құқықтық актілератқарылып жатқан шаралардың құқықтық негізін құрайды. Қазіргі уақытта Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің2011 жылғы 29 маусымдағы№ 110 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы сот жүйесінде жүзеге асырылуда. Бағдарламаның басты мақсаты болып Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясатын қалыптастыру табылады. Және аталған бағдарлама бойынша Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында іс-шаралар жоспары құрылған. Жоспарға сәйкес, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен, Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментімен, Астана қалалық сотымен, басқа да мемлекеттік органдармен, мемлекеттік тілде хат алмасуды қадағалау, кіріс, шығыс, ішкі құжат айналымының мемлекеттік тілдегі үлесі бойынша талдау жасау, сот актілеріндегі мемлекеттік тілдің қолдану сапасын тексеру, судьялар арасындаАстанақалалық сотының мемлекеттік тілді дамыту бойынша комиссия мүшесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының Мемлекеттік тілді дамыту секторы меңгерушісінің«Сот актілерінің сапасы туралы» семинар сабақтары жүргізіліп, сотта«Мемлекеттік тілдегі ең үздік сот отырысы» конкурсы өткізіледі,онымен қоса сот қызметкерлері арасында Астана қалалық сотының мемлекеттік тілді дамыту бойынша бас маманның қатысуымен«Іс-жүргізу мемлекеттік тілде»тақырыбында семинар сабағы ұйымдастырылады, мемлекеттік мекемелердің және заңды тұлғалардың сотқа мемлекеттік тілде талап арыздарды өткізуге байланысты дөңгелек үстелдер, конференциялар, дәріс оқу, сайыстар, сонымен қатар сот жүйесінде қазақ тілін насихаттауға қатысты бұқаралық-ақпарат құралдарында мемлекеттік тілдің әр түрлі тақырыпта қолданылуына байланысты жетістіктер мен кемшіліктер туралы судьялар мен қызметкерлердің мақалаларын жариялау жұмыстары жүргізіледі.

Іс шаралардың мақсаты болып мемлекеттік тілді қолданудың аясын кеңейту саясатын жүзеге асыру, мемлекеттік органдармен хат алмасуды мемлекеттік тілде жүргізу табылады.

Сотқа мемлекеттік тілде түскен істерді қарау судьяларға қиындық тудырмайды, алайда келіп түсетін арыздардың көпшілігі ресми орыс тілінде. Бұл әркімнің конституциялық құқығы. Мәселен, бүгінгі күні Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына 58 арыз мемлекеттік тілде түскен, оның ішінде 28 азаматтық іс бойынша сот шешімі шығарылған.

Жалпы республиканың сот жүйесінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мәселесінің маңыздылығын ескере отырып, аталған бағыттағы жұмысты алдағы уақытта әрі қарай жалғастыруымыз қажет. Мемлекеттік тіл мәртебесін арттыруда, «Қазақстан Республикасындағы Тiл туралы» Заңын орындауда ауқымды жұмыстар атқарылып, мемлекеттік тіл мәселесі түбегейлі шешімін табады деген сенімдеміз.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев атап өткендей: «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз керек. Сонымен бірге елімізде тұратын барлық халықтардың өкілдері ана тілдерінде еркін сөйлей, оқи алуына, оны дамытуға қолайлы жағдай тудыру қажет».

 

Б.Сатбаев

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық

экономикалық сотының судьясы

Оцените новость

  • Ваша оценка
Итоги:
Проголосовало людей: 0

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив