ҚР БҒМ Қоғамдық кеңесі «Ақ Жол» партиясының ақылы негізде ЖОО-ға түсуші жастар үшін ҰБТ-ны алып тастау туралы бастамасын  талқылады

ҚР БҒМ Қоғамдық кеңесі «Ақ Жол» партиясының ақылы негізде ЖОО-ға түсуші жастар үшін ҰБТ-ны алып тастау туралы бастамасын талқылады

«Ақ Жол» партиясы өкілінің пікірінше, «гранттарды бөлу туралы қолданыстағы жүйе біздің елдің «ғұламалардың жылыстауына» жағдай жасайды...  оның үстіне, Чехия, Ресей, Қытай және өзге де мемлекеттер тегін білім алуға мүмкіндікберіп отыр. Көптеген жас маман Қазақстанға оралмайды да».

Қоғамдық кеңес төрағасы С.Ирсалиев «Заманауи әлемде көптеген мемлекет, соның ішінде Ресей мен Қытай, жоғары білім алған адамдардың санын арттыруға талпынуда. Мұндай үрдіс бізде де болуы қажет. Сол себепті жоғары білімнің қолжетімділігін кеңейту, оның ішінде жастардың ҰБТ тапсыруға бағытталған және икемді шарттарын жасау қажет».

Қоғамдық кеңес министрлікке жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсетін талапкерлер үшін ҰБТ-ны алып тастау және ҰБТ-ны мемлекеттік білім грантын алу үшін конкурстық іріктеу құралы ретінде белгілеу мақсатында нормативті-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселені қарастыруды ұсынды.

Сонымен қатар Қоғамдық кеңес қазақстандық жастардың ең жақсы шетелдік жоғары білім бағдарламаларына қол жеткізу мүмкіндіктерінің кеңеюіне қатысты өз ойын білдірді және БҒМ-ға Қазақстанда, ең бастысы - елордамыз Астанада шетелдік жоғары оқу орындарының халықаралық кампустарын құру тәжірибесін белсендіруді ұсынды.

 

ҚР БҒМ Баспасөз қызметі

 

Оцените новость

  • Ваша оценка
Итоги:
Проголосовало людей: 1

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
×