«ҒЗТО қызметі және қазіргі діни ахуалдың өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел өткізіледі.

«ҒЗТО қызметі және қазіргі діни ахуалдың өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел өткізіледі.

2017 жылдың 1 ақпанында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі қызметінің 10 жылдық атаулы мерекесіне арналған «ҒЗТО қызметі және қазіргі діни ахуалдың өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел өткізіледі.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы № 72 Қаулысына сәйкес құрылған Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы Қазақстанның дін саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асыру бағытында еліміздегі діни ахуалды зерделеу, дінтану сараптамасын жүргізу, ғылыми-әдістемелік, ақпараттық-талдамалық материалдар әзірлеу, республикалық және өңірлік ақпараттық-түсіндіру топтарына әдістемелік жетекшілік ету жұмыстарын жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік мекеме болып табылады.

Дөңгелек үстел мақсаты – Орталықтың 10 жылдық мерзім ішіндегі қызметі барысында қол жеткізілген нәтижелермен таныстыру және Қазақстандағы қазіргі діни ахуалдың өзекті мәселелерін талқылау.

 

Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Б.С.Арын, Министрліктің Дін істері комитетінің төрағасы Ғ.Н. Шойкин, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының, Қазақстан халқы Ассамблеясының, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің, Халықаралық Түрік Академиясының, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері қатысады.

 

Өтетін күні мен уақыты: 1 ақпан 2017 жыл, сағат 11.00-де

Өтетін орны: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 43, №505-ауд. (Мәжіліс залы)

 

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

Дін істері комитеті

Оцените новость

  • Ваша оценка
Итоги:
Проголосовало людей: 0

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив