Ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық

Ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық

1 тарау «Жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар» Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлігін ашады. Көрсетілген тарауға өмір мен денсаулыққа қарсы (99-116-баптар), адамның жыныстық тиіспеушілігіне және жыныстық бостандығына қарсы (117-124-баптары), адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы (125-131-баптар) қылмыстар кіреді.

Заңның мағынасы бойынша және ҚР ҚК-нің 11-бабының 4-бөлігіне сай ҚК-те көзделген ең ауыр жаза бас бостандығынан айыру он екі жылдан аспайтын қасақана жасалған іс-әрекеттер ауыр қылмыстар деп танылады.

ҚР ҚК-нің 11-бабының 5-бөлігіне сай жасалғаны үшін Қылмыстық  кодексте он екі жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру, өмір бойына бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы түріндегі жаза көзделген қасақана жасалған іс-әрекеттер аса ауыр қылмыстар деп танылады.

Қылмыстарды көрсетілген санаттарға бөлу заңнан шектен шыққан адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы мәселені шешу, іс-әркетті саралау, жаза тағайындау және қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату кезінде сол адамдарға неғұрлым дифференцияалдық амалмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Адам өлтіру, яғни басқа адамды қасақана қазаға ұшырату жеке адамға қарсы неғұрлым ауыр қылмыс болып табылады. Адам өлтіргені үшін жауаптылық ҚР ҚК-нің 99-бабында көзделген.

Осы қылмыс қасақана, тікелей немесе жанама пиғылмен жасалған болып табылады, яғни адам басқа адамның өміріне қол сұғатынын түсінген, адам өлтірудің туындау мүмкіндігін алдын ала болжап білген, оны қалаған немесе оның болуына саналы түрде жол берген. Осы қылмыс жасағаны үшін 8 жылдан 15 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

ҚК-нің 99-бабының 2-бөлігі сараланған адам өлтіргені үшін, яғни қосымша белгілермен, атап айтқанда: екі немесе одан көп адамды, аса қатыгездікпен, жалпы қауіпті тәсілмен, пайдакүнемдік ниетпен немесе жалдау бойынша, басқа қылмысты жасыру және т.б. жауаптылықты көздейді, ол үшін 15 жылдан 20 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру, не өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделеді.

Денсаулыққа қарсы қылмыстар қылмыстардың бөлек топшасын құрайды. Оларды жасау нәтижесінде адамның денсаулығына ауырлығы әр дәрежесінде зиян келтіріледі. Сөйтіп, ҚР ҚК-нің 106-бабы денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін, бұл ретте ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігі – абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан не қылмыстық топ жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықты көздейді. ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыс осы топшада ең ауыр болып табылады, ол үшін 8 жылдан 12 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

 

 

Сондай-ақ жыныстық тиіспеушілікке және жыныстық бостандыққа қарсы қылмыстар жеке адамға қарсы қылмыстардың бөлек топшасын құрайды. Олардың ішінде ең ауырлығы зорлау, яғни жәбірленушіге немесе басқа адамдарғы күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау  (ҚР ҚК-нің 120-бабы), сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері (ҚР ҚК-нің 121-бабы), жас балаларды азғындық жолға түсіру(124бап).

Саралайтын белгілердің болуы кезінде жасалған зорлау, азғындық жолға түсіру және сексуалдық сипаттағы зорлық зомбылық әрекеттері үшін (ҚР ҚК-нің 120-бабының3-бөлігі, ҚК-нің 121-бабының3-бөлігі, ҚК-нің 124-бабы), 10 жылдан 15 жылға дейін жаза көзделген, ал көрінеу жас балаға қатысты жасалған зорлау және сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері үшін 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру, не өмір бойынна бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Сондай-ақ адамды ұрлау (ҚК-нің 125-бабы), бас бостандығынан заңсыз айыру (ҚК-нің 126-бабы), психиатриялық стационарға заңсыз орналастырудың саралайтын құрамдары (ҚК-нің 127-бабының 2-бөлігі), адам саудасы (ҚК-нің 128-бабының 2,3-бөліктері), адамды клондау (ҚК-нің 129-бабының 2,3-бөліктері) ҚК-нің осы тарауына кіретін ауыр қылмыстар болып табылады.

Сөйтіп, пайдакүнемдік ниетпен немесе өзге де жеке мүдделікпен, адам оларды өзінің қызмет бабын пайдалана отырып , көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты, абайсызда жәбірленушінің өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соғатын адамды психиатриялық стационарға заңсыз орналастырғаны үшін үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, бірнеше рет, өмірге және денсаулыққа қауіпті күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп, сондай-ақ басқа да саралайтын белгілердің болуы кезінде заң бес жылдан он жылға дейін жазаны көздеген.

ҚК-нің 125-бабының 3-бөлігі қылмыстық топ ұрланған адамды қанау мақсатында жасап, абайсызда жәбірленушінің өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға немесе басқа да зардаптарға әкеп соғатын адамды ұрлағаны үшін жауаптылықты көздейді. Қылмыстың осы құрамы аса ауырына қылмыс санатына жатады.

Сондай-ақ аса ауыр қылмыстарға қылмыстық топ жасап, абайсызда жәбірленушінің өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға немесе басқа да зардаптарға әкеп соғатын адамды ұрлау жатады(ҚК-нің 128-бабының 4-бөлігі).

Мұндай жағдайларда заң 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

 

Астана қаласының қылмыстық

істер жөніндегі мамандандырылған

ауданаралық сотының судьясы Мекемтас К.М.

Оцените новость

  • Ваша оценка
Итоги:
Проголосовало людей: 0

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив