ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде брифинг өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде брифинг өтті

Ағымдағы жылдың 27 қаңтарында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде «Мемлекеттік қызмет персоналын басқару ұлттық орталығы» АҚ бас директоры міндетін уақытша атқарушы Шамиль Гусейнов және Агенттіктің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы Жандос Сарсеновтың қатысуымен брифинг өтті.

 

Шамиль Гусейнов ағымдағы жылдың ақпан айында басталатын мемлекеттік қызметшілерді аттестаттауға дайындық барысы туралы айтты. Аттестаттауды сәтті өткізу үшін барлық аумақтық тестілеу залдарында дайындық жұмыстары жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта 14 облыс орталығы мен Астана, Алматы қалаларының тестілеу залдары аттестаттауды өткізуге толығымен дайын. Ол үшін тестілеу залдарының аумағы 3 есеге дейін арттылды (448 ш.м.-ден 1463 ш.м.-ге дейін).

Олар қосымша компьютерлермен жабдықталды. Жоғары өнімділігі және сенімділігі жоғары қазіргі платформадағы компьютерлік және серверлік құрылғылар аттестаттаудың үздіксіз процессін қамтамасыз етуге әзір. Байланыс каналдарын кеңейтуге байланысты тестілеу залдарының біруақыттағы өткізу қабілеті 2 есеге артты.

 

Жалпы республика көлемінде бір мезгілде аттестаттаудан тәулігіне 568 адам өте алады. Барлық орталық мемлекеттік органдар және олардың ведомстволары орналасқан Астана қаласы бойынша 3 тестілеу залы жабдықталған олардың бір уақыттағы өткізу қабілеті 80 адамды құрайды.

Өңірлік залдар арасындағы ең көп өткізу қабілеті келесі облыстарға тиесілі: ОҚО – 50 адам, ШҚО – 48 адам, Алматы облысы – 47 адам, Қарағанды облысы – 43 адам. Аттестаттау процесіне бөгде араласуды бодырмау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін серверлік және компьютерлік құрылғылар қорғану құралдарымен бапталды.

 

Бірінші дәрігерлік көмек көрсету сұрағы да назардан тыс қалған жоқ. Барлық тестілеу залдарында дәрігерлік пунктердің жұмысы ұйымдастырылады.

Қарағанды облысында аттестаттауды өтуге 4941 мемлекеттік қызметші жатады. Дайындық жұмыстарын жүргізу арқасында Қарағады облысында күніне 172 қызметшіні тестілеуден өткізуге мүмкіндік туды.

Қарағанды облысы бойынша МҚІСЖҚА Департаментінің басшысы Жандос Сарсенов 2016 жылғы қызметтің қорытындылары туралы сөз сөйледі.

Қарағанды облысының 625 мемлекеттік органдарында 6708 мемлекеттік қызметкерлер еңбек етуде. Аталғандардың ішіндегі 68,9% әйел адамдар, ал мемлекеттік қызметкерлердің 25,1%-ын 30 жасқа дейінгі ер адамдар құрайды.

Мемлекеттік қызметкерлер жұмысының сапасын және тиімділігін анықтау үшін олардың қызметінің бағалауы өткізілді. Бағалаудың қорытындысы бойынша бағалаудан өткен 5418 қызметкерлердің арасында «өте жақсы» бағасын 396, «жақсы» - 4098, «қанағаттанарлық» - 922 және «нашар» деген бағасын 2 мемлекеттік қызметкер алды.

2016 жылы Қарағанды облысы бойынша МҚІСЖҚА Департаменті этика бойынша 11 Кеңес отырыстарын өткізді. Нәтижелер бойынша 22 мемлекеттік қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Этикалық кодексті және мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдарды тексеру жөнінде 24 тексеріс өткізілді. Тексеріс нәтижелері бойынша анықталған заңдылықтың бұзуын жою бойынша 14 ұсыныс, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзуымен байланысты қабылданған мемлекеттік органдардың шешімдерінің жоюы бойынша 3 ұсыныс енгізілді, 8 азаматтық құқықтары қалпына келтірілді.

Қызмет көрсетуді жоғарылату бойынша Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасымен және мемлекеттік корпорациямен бірлескен жұмыс жүргізілуде. Облыста 379 қызмет көрсетіледі, олардың ішінде 67% - тегін, 29% - ақылы, 4% - тегін және ақылы негізде. Қызмет көрсету сапасы бойынша 144 тексеріс жүргізілді, оның қорытындысы бойынша қызмет көрсету саласында заңнаманың бұзылуы жөнінде 395 905 фактілері айқындалды.

Қарағанды облысы бойынша МҚІСЖҚА Департаменті сыбайлас жемқорлық қатерлердің 10 шақты сыртқы анализдерін өткізді, нәтижесінде 89 сыбайлас жемқорлық қатерлері анықталды, оларды жою бойынша 100 ұсыным және ұсыныс енгізілді.

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің

баспасөз қызметі

 

Оцените новость

  • Ваша оценка
Итоги:
Проголосовало людей: 0

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив