Электрондық құжаттарды сотқа жіберуге байланысты мәселелер

Электрондық құжаттарды сотқа жіберуге байланысты мәселелер

Бүгін Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотында «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервис арқылы электрондық құжаттарды сотқа жіберуге байланысты мәселелері» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға сот төрағасы Арман Жүкенов, кеңсе меңгерушісі, банктердің, коммуналдық қызметтердің, үкіметтік емес және қызмет көрсетуші ұйымдардың өкілдері қатысты.

Сот төрағасы өз сөзінде атап өткендей, банктердің, коммуналдық қызметтердің және қызмет көрсетуші ұйымдардың өкілдерінің талап-арыздары азаматтық істердің ең көп бөлігін құрайды.

Сондай-ақ, сот төрағасы, қазіргі уақытта толық көлемде "Сот кабинеті", жұмыс істейтіндігін атап өтті, ол сотқа талап арыздар, апелляциялық және кассациялық шағымдарды электронды түрде жолдауға, мемлекеттік бажды онлайн режимінде төлеуге сот құжаттары қайта қарауға, сондай-ақ азаматтық істердің мәртебесін қарауға мүмкіндік береді.

Дөңгелек үстел жұмысына қатысушыларға сотқа электронды түрде арыз беру тәртібі, арызда көрсетілген талаптарды растайтын құжаттардың толық тізімін ұсыну қажеттігі түсіндірілді. Сондай-ақ, талапкердің қолымен, нақты айтқанда электрондық сандық қолтаңбасымен (ЭСҚ) электрондық түрде арыз беру тәртібі қарастырылды.

Іс-шара қорытындысы бойынша осы мәселе жөнінде жалпы ұсыным әзірленді.

 

Астана қаласы

Сарыарқа аудандық сотының

баспасөз қызметі

Оцените новость

  • Ваша оценка
Итоги:
Проголосовало людей: 0

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив