Сот жүйесінің «Сот кабинеті» сервисі

Сот жүйесінің «Сот кабинеті» сервисі

Мемлекетіміз тәуелсіздік тұғырына жеткелі бері жаңа белестерді асып, жаңару, көркею, даму жолында көптеген шараларды қолға алуда. Бұндай оң өзгерістерден сот жүйесі де алыс емес. Қазіргі таңда сот жүйесін жетілдіру мақсатында көптеген жаңашылдықтар орын алуда. Оның бірі сот жүйесіне -  «Сот кабинеті» ақпараттық сервисінің енгізілуі.

Аталмыш сервис Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының 2014 жылғы 11 тамыздағы өкімімен бекітілген. Ол жеке және заңды тұлғалармен олардың өкілдеріне сотқа ұсынатын құжаттарын электронды түрде жолдауға мүмкіндік береді.

         «Сот кабинеті» арқылы электрондық құжаттарды сотқа жолдау үшін азаматтар мен заңды тұлғалар, біріншіден жоғары аталған «Сот кабинеті» ақпараттық сервисінің тіркелуі тиіс. Нәтижесінде, тіркелген тұлға оның пайдаланушысы болып табылады. Қолданушылар сервис көмегімен электронды түрде талап арыз, шағым, өтініш беруге, мемлекеттік баж салығын онлайн режимде төлеумен қатар сотқа электронды түрде жолдаған құжаттары мен жалпы сот ісіне қатысты барлық құжаттарды қадағалай алады.

Сотқа ұсынылатын арыз, өтініш, шағым т.с.с. рәсімделуі азаматтық, қылмыстық процестік кодекстерінде көзделген талаптарға сәйкес болуы қажет. Айта кететін мәселе, сотқа құжаттарды жолдау кезінде уақыт жағынан қандай да бір шектеу қойылмаған, яғни тұлғалар құжаттарын сотқа кез келген уақытта жолдай алады. Сәйкесінше сотқа тиісті түрде ұсынылған құжат сот кеңсесінің мамандарымен қабылданып, тіркеледі. Тиісінше пайдаланушы ұсынған құжатының статусын байқау мүмкіндігіне ие.

         Сервис қызметі бастағалы бері жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізілуде. Олардың бірі сот отырысына қатысушылардың пікірін ескеруге бағытталған «Соттарды сырттай бағалау» сауалнамасын жүргізу болып табылады.

Елбасы республика судьялардың 7 съезінде «Судьялық қоғамдастық жабық корпорация іспеттес және қоғамдық сыннан тыс болмауы тиіс, демократиялық мемлекетте қоғам мүшелері барлық мемлекеттік институттарға, оның ішінде сот органдарына да баға беруге құқылы» екендігін атап өтті.

«Соттарды сырттай бағалау» бір жағынан - жариялылықты жүзеге асыру болса, екінші жағынан - халықтың сотқа деген сенімін, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалу дәрежесін анықтауға бағытталған соттың жұмысын бағалаудың объективті жолы болып саналады.

«Сот кабинетіне» тіркелген, оның қолданушысы және сотқа қатысушы болып табылатын тұлға баға беру үшін екі бөлікке бөлінген сұрақтарға жауап береді. Алғашында облыс атауын, сот атауын және судья аты-жөнін, қаралған іс, іске кім ретінде қатысқандығын таңдайды, ал екінші бөлігінде нақты 10 сұраққа жауап береді. Сол сұрақтарға жауап беру арқылы өзінің сырттай бағасын береді.

Жоба 2017 жылғы 10 сәуірден 1 шілдеге дейін пилоттық болып, әрі қарай – тұрақты негізге көшеді.

Құрметті оқырмандар! «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі сот жүйесі органдарының қызметіне қол жеткізушің бірыңғай терезесі бола отырып, сот органдары мен халықтың өзара әрекеттестігі бойынша оң нәтиже беруде. Аталмыш сервис сот жүйесінің жеделдігі, қолжетімділігі мен ашықтығының бірден бір дәлелі деп пайымдасақ қателеспейміз. Ендеше аталған сервисті пайдалана отырып, «Соттарды сырттай бағалауға» қатысуға шақырамыз.

 

 

Ақтөбе облысының мамандандырылған

ауданаралық экономикалық сотының

кеңсе меңгерушісі

М.А. Минтаев

Оцените новость

  • Ваша оценка
Итоги:
Проголосовало людей: 1

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив