Заң үстемдігін қаматамасыз ету

Заң үстемдігін қаматамасыз ету

«100 нақты қадам» бағдарламасындағы бұл бөлім барлық сот жүйесіне қатысты болып отыр. Сот жүйесінің негізгі құрылымын өзгертіп, қазіргі келбетін айқындап берді. ҚР Конституциясына сәйкес, Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Заңда көзделген жағдайларда қылмыстық сот ісін жүргізу алқабилердің қатысуымен жүзеге асырылады. Заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы Соты, Республиканың жергілікті және басқа да соттары Республиканың соттары болып табылады. Республиканың сот жүйесі Республика Конституциясымен және конституциялық заңмен белгіленеді. Қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттарды құруға жол берілмейді.

Сот жүйесі сот төрелегін жүзеге асыратын орган болып табылады. Соған сәйкес, заң үстемдігін қамтамасыз етуге мәндетті болып табылады.

Қазіргі уақытта сот жүйесіне келесідей өзгерістер енгізілген. Яғни, бес сатылы сот жүйесінен үш сатылы сот жүйесіне көшкен болатын. Бұрын бірінші, апелляциялық, кассациялық және қадағалау, қайта қадағалау сатылары болған. Қазіргі кезде бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылары қалдырылды. Судьялардың жаңа Этикалық кодексін жасалды, сонымен қатар, Жоғарғы Сотта ірі инвесторлар қатысатын дауларды қарайтын инвестициялық алқа құрылды. Барлық сот процестеріне бейне және таспаға жазу шараларын жүргізу міндетті болды. Әрбір қатысушы бейне және дауысжазбалармен таныса алады.

Сонымен қатар судьялардың кәсіби деңгейлерін және өзіндік дайындықты көтеру жөніндегі сұрақтар бойынша мемлекеттің судьяларына аса жауаптылықты жүктейді. Судьяларға кандидаттарға судьялыққа өту үшін қатаң талаптар қойылған.

Бұл өзгерістер сот жүйесінің ашықтылығын қамтамасыз ете алады деген ойдамын.

 

 

Астана қаласы

Сарыарқа ауданының №2

аудандық сотының бас маманы                                                 

А.Шайкенова

Оцените новость

  • Ваша оценка
Итоги:
Проголосовало людей: 0

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
×