Қазақстандағы гендерлік саясаттың дамуы

Қазақстандағы гендерлік саясаттың дамуы

Тәуелсіздік алғанымызға 25 жылдан астам уақыт болса да еліміздің жаһандық саясатта шеберлік танытып, халық пен ел абыройын еселеуде көптеген жерлерде жеңіске жетіп, үлгі-өнеге көрсетіп жүргенін дөңгеленген дүниенің барлық сырынан хабардар мемлекеттер жақсы біледі. Сондықтан да әлем елдерінің алдындағы оң саяси имиджімізді бұдан да мықтырақ ету үшін демократиялық қағидаттарға негізделген гендерлік саясаттың арнасын кеңейтуіміз керек.  Қазақстан тәуелсіздік жылдардың ішінде сонымен бірге ерлер мен әйелдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында нақты жетістіктерге жетті. Қазақстан адам құқықтары бойынша 60-тан аса халықаралық шарттарға қосылды. 2000 жылы БҰҰ Бас ассамблеясы Конвенсияға сілтеме жасай отырып, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюмен күрес Халықаралық күнін жариялады. Елімізде отбасы, әйел және бала сұрақтары бойынша жеткілікті құқықтық негіз және қоғамның отбасы маңыздылығын, оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлін түсіну қалыптасқан. ҚР Президентінің 29.11.2005 жылғы Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясы бекітілді. Еліміздің басты құқықтық құжаты Конституцияның 27-бабына сәйкес «Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады» делінген. Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы»  Кодексі отбасы-неке қатынастарын орнатады және реттейді. Олардың басты қағидасы – ерлі-зайыптылардың отбасындағы теңдігі, балалардың отбасылық тәрбиесінің басымдығы, отбасының кәмілетке толмаған және еңбекке қабілетсіз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау болып табылады. Жастардың гендерлік саясаттың Стратегиясын жүзеге асырудың маңызды сатысы құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады. Осыған орай дөңгелек үстелдер, қолданыстағы заңнаманы түсіндіру бойынша брифингттер, ғылыми-тәжірбиелік конференциялар, жастармен кездесулер өткізу жолымен жүйелі түсіндіру жұмыстары жүргізілуі қажет. Қазақстандағы гендерлік саясаттың дамуы бұл табысымыз еліміздің жауапты мемлекеттік саясатының маңызды да ажырамас құраушысы болып табылатын гендерлік жәнеотбасылық-демографиялық саясатты іске асырудың да арқасында мүмкін болып отыр. Ол гендерлік теңдікке қол жеткізу саласындағы отандық және халықаралық тәжірбиені жан-жақты және егжей-тегжейлі ескере отырып гүлденген болашаққа ұмтылған тұтастай халықтың келісімі мен бірлігін нығайтуға бағытталған. Денсаулық сақтау, білім беру, еңбек қатынастары саласында қойылған міндеттер серпінді шешілуде. Біздің ел гендерлік саясатты жүзеге асыру бағытында айтарлықтай қадамдар жасады, себебі гендерлік саясат – бұл ең алдымен мемлекеттің әлеумееттік саясатының маңызды құрамдас бөлігі. Егер саяси және қоғамдық өмірде, соның ішінде шешім қабылдау деңгейінде әйелдерді қатыстыруды арттыру туралы айтсақ, бұл сұрақ гендерлік теңдік стратегиясында өз жауабын тапты. Қазақстанның гендерлік саясатының ерекше өзгешелігі – гендерлік жобалардың бастамашысы бірінші кезекте гендерлік даму саласында алдын алу және озық шараларын қабылдайтын мемлекет болып табылады. Сонымен қатар, Елбасының «Қазақстанның – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында айтылғандай, уақыт талабына сай әйелдерді мемлекеттік және қоғамдық басқару ісіне белсене араластырып, олардың бизнес ашып, кәсіпкерлікпен шұғылдануына мүмкіндік туғызу арқылы жаңа кезеңдегі қазақстандық әйел бейнесін қалыптастыруға болады.    

 

 

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының

бас маманы

сот мәжілісінің хатшысы                                         

Т.Жақсылық

Оцените новость

  • Ваша оценка
Итоги:
Проголосовало людей: 1

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив