ЖИТС-тің алдын алуда БАҚ- тың рөлі ерекше

ЖИТС-тің алдын алуда БАҚ- тың рөлі ерекше

2017 жылдың 18- мамырында  Астана қалалық СПИД-ке қарсы күрес орталығында БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз жиыны өтті. Аталмыш шара ЖИТС құрбандарын еске алу күніне орай өткізілді.   Еліміз бойынша жыл сайын мамырдың үшінші жексенбісі  Халыкаралық ЖИТС құрбандарын еске алу күні болып белгіленеді. «Алғаш рет бұл күн 1983 жылы Сан-Франциско қаласында аталып өткен. Осы айтулы датаға орай орталығымыз қала көлемінде көптеген іс-шаралыр өткіздік. Әлі де жалғасын табады деп ойлаймыз. Бірақ, мәселе өткізгеніміз жайында есеп беруде емес, қоғамға, қала тұрғындарына ЖИТС-тің алдын алу ,сақтану жолдары жайында дұрыс ақпарат беру. Осы тұрғысынан бізге сіздердің қолдауларыңыз аса қажет» деп бастады сөзін, орталықтың бас дәрігері Абдраимов С.Б. Сондай-ақ Сабит Бекмағанбетұлы қаламыздағы ЖИТС мәселесі мен статистикаға да тоқталып өтті. Бас дәргердің айтуынша алғаш тіркелген күннен бастап ( 1997жылдан) үдемілі өсіммен алғанда 1293 адам осы індет жұқтырғаны себепті тіркеуге алынған. Биыл өткен жылдың төрт айымен салыстырғанда 13жағдайға көп. Осының 171-і әр түрлі себептермен көз жұмған. Ал 39-ы СПИД-тің салдарынан өмірден өткендер. Мамандардың айтуынша барлық жағдайдың 60 пайызға жуығы соңғы бес жылда анықталғандар. Бұл көрсеткішті мамандар әр түрлі себеппен байланыстыруда яғни халық санының өсуі, тұрғындардың АИТВ-ға тексерілуінің өсуі, сыртқы және ішкі миграциялық процесстер.

Орталық дәргерлерінің айтуынша соңғы жылдары жыныстық жолмен таралу көбеюде. Яғни 70 пайызын құрап отыр. Соның ішінде ер адамдардың арасында көптеп кездесуде. Бұл кездейсоқ, бейберекет жыныстық жолға түсудің салдары дейді олар.

Бүгінде орталықтан 321 адам тұрақты дәрі-дәрмектерін қабылдап, мамандар кеңесін алуда.

Шара барысында атқарылған жұмыстардың нәтижесіне де тоқталды. Соңғы жылдары есірткі тұтынушылар арасында анықталу төмендеген, сонымен қоса ауру жұқтырған анадан сау бала өмірге келуде. Сондай-ақ тұрғындар ерікті түрде АИТВға қан тапсыру қарқыны артқан.  Мысалы өткен жылы қала тұрғындарының 27,6 пайыз, ал үстіміздегі жылдың өткен төрт айында 9,8 пайызы ерікті түрде АИТВ-ға тексерілді. Бұл еліміз бойынша ең жоғарғы көрсеткіш дейді олар.

Мамандар сондай-ақ БАҚ өкілдерінің тарапынан қойылған сауалдарға да жауап берді. Сонымен қатар орталықтың бас дәргері, журналистерге алдағы уақытта «қатерлі дерт», «дауасы жоқ індет» т.б.с сияқты жалаң статистикамен халықты үркітіп, шошытпай керісінше біреу болса да ұтымды, тиімді ақпарат беруге шақырды. Абдраиымов шараға қатысқын БАҚ өкілдеріне алғысын білдіре келе, «  Бұл тек ғана қалалық я болмаса облыстық арнайы орталықтардың атқарып жатқан жұмысымен бітетін дүние емес, бұған қоғам болып атсалыссақ жойып жібермесек те өсу қарқынына тосқауыл болар едік» деді.

 

Бақытгүл Сали

Оцените новость

  • Ваша оценка
Итоги:
Проголосовало людей: 1

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив