Канада парламенті делегациясымен кездесу өтті

Канада парламенті делегациясымен кездесу өтті

Ағымдағы жылдың 19 қаңтарында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Канада Парламенті қоғамдастығы (Парламенттің төменгі палатасы) Сыртқы істер және халықаралық даму жөніндегі комитетінің төрағасы - «Қазақстан-Канада» Парламентаралық ынтымақтастық тобының тең төрағасы Роберт Нолт бастаған канада парламенті делегациясын қабылдады.

Канада парламенті делегациясының Астанаға сапары Қазақстан мен Канада арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығы аясында өтті. Сондай-ақ, биыл Канада мемлекетінің негізі қалануының 150 жылдығын атап өткелі отыр.

Кездесу барысында тараптар азаматтық қоғам және жастар саясаты саласындағы ынтымақтастық бойынша мәселелерді қарастырып, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Нұрлан Ермекбаев канада делегациясын Министрліктің қызметімен таныстырып, Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардан бастап азаматтық қоғамды дамыту және діни сенім бостандығын қамтамасыз ету қағидаларын жүйелі түрде берік ұстанып келе жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар, Министр үкіметтік емес ұйымдарға гранттар бөлумен айналысатын «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қызметі туралы хабардар етті.

Канада делегациясының басшысы конфессияаралық және этникааралық келісімді қамтамасыз етіп отырған еліміздің басшылығы саясатына жоғары бағасын берді.

 

Ержан  Байтанаев 

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлінің

ресми өкілі

Оцените новость

  • Ваша оценка
Итоги:
Проголосовало людей: 0

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив