Астана қаласы аумағындағы аяқталмаған құрылыс объектілеріндегі қылмыстық  іске қатысты.

Астана қаласы аумағындағы аяқталмаған құрылыс объектілеріндегі қылмыстық іске қатысты.

     Астана қаласы прокуратурасымен елорда аумағындағы тұрғын үй кешендерінің құрылысына азаматтардың салымынан ақша қаражаттарын ұрлауға байланысты қылмыстық істерді тергеу барысы жүзеге асырылуда.
     Астана қаласы Ішкі Істер Министірлігімен:  ЖШС «Алға Тоқболат» (басшысы Әлжан Е. Ә., объект –Тұран даңғылынан батысқа қарай - Сығанақ); ЖШС «КазГазАстана НС» және ЖШС «Алтын Сапа 2011» (басшысы Д. К. Ахмедьяров, объектілері – Қошкарбаев көшесі ТК «Зере» және «Зере-2» Қошкарбаев көшесі) сондай-ақ ЖШС «НМ-Астана Құрылыс» (басшылары Б.Т.Шәкіров және Н.Т.Жағіпаров, объект – Төлебаев көшесі ТК «Арыстан»).
     Жоғарыда айтылған кәсіпорындар басшыларының іс-әрекеттері Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 189, 190 және 250 баптарына сәйкес қылмыстық қудалау органымен саралануда.
     Қазіргі уақытта астаналық прокуратура органымен белгіленген  қылмыстық іс мәні бойынша қаралу үшін Астана қаласының соттарына жіберілді.

     Қазақстан Республикасының Қылмыстық  Кодексінің 189-бабы - Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу;
    Қазақстан Республикасының Қылмыстық  Кодексінің  190-бабы - Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену;
    Қазақстан Республикасының Қылмыстық  Кодексінің  250-бабы- Коммерциялық немесе өзге де ұйымда басқару функцияларын орындайтын адамның өз өкiлеттiктерiн осы ұйымның заңды мүдделерiне қарсы және өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында пайдалануы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулi зиян келтiруге әкеп соқса.
                                          
                                

Астана қаласының

прокуратурасы

Оцените новость

  • Ваша оценка
Итоги:
Проголосовало людей: 0

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив