Ақмола облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары  оқытушы-филологтарының семинары туралы ақпарат.

Ақмола облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары оқытушы-филологтарының семинары туралы ақпарат.

«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында үштілді білім беруді ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу».  
 Білім басқармасының 2016-2017 оқу жылына арналған  жұмыс жоспарына сәйкес,  үштілді білім беру жағдайында оқыту тәжірибесін қалыптастыру мақсатында, Көкшетау қ. Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжде (оқыту қазақ тілінде) ТжКБ ұйымдары оқытушы-филологтарының семинары болып өтті. Семинарға Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы өкілдері, үштілді білім беру элементтерін пилоттық режимде енгізуші білім беру ұйымдары мұғалімдері қатысты.
Семинарды педагогикалық ғылымдар кандидаты, облыстық оқу-әдістемелік кабинеті директорының орынбасары  Кушпаева Гульнар Буркутбайқызы ашты.
үштілді білім беру шеңберіндегі білім  берудің барлық деңгейлерінде, соның ішінде техникалық және кәсіптік білім  беру саласында  Бірыңғай стандарт әзірлеу есебінен үш тілде білім берудің  сабақтастығын қамтамасыз ету мақсатында келесі шаралар қарастырылды және іске асырылды (олардың кейбіреулері):
  Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруде кәсіптер мен мамандықтарды Жіктеуішіге жаңа біліктер енгізілді:  «Мектепке дейінгі ұйымдардың ағылшынша білімі бар тәрбиешісі», « Ағылшынша білімі бар бастауыш білім берудің информатика пәні  мұғалімі», «Ағылшынша білімі бар математика пәні  мұғалімі», «Ағылшынша білімі бар физика пәні  мұғалімі»  
«Жол картасы» аясында үштілді білім беруді дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған   іс-шаралар жоспары әзірленді, онда нормативтік базаны  жетілдіру, әдістемелік және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету, ақпараттық сүйемелдеу, үштілділікті тарату және  кадрларды даярлау, біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларға қатысты мәселелер қарастырылады.
2016 жылдың қараша айында Ақмола облысында "Кәсіпқор" Холдингі» КЕАҚ Көкшетау қ. № 1сервистік-техникалық колледжінің базасында арнайы пәндерді оқытатын мұғалімдер үшін  «Арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқыту әдістері» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылып, өткізілді.
Семинардың  пленарлық және практикалық бөлімінің жұмысы барысында колледждерде  үштілділіктің  элементтерін енгізудің  проблемалары мен перспективалары   талқыланды. Көкшетау қ. дарынды балаларға арналған № 1 облыстық мектеп–интернаты "Қазақ-түрік" лицейінің  математика пәні мұғалімі Р. Сауытбай  және  Көкшетау қ. дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мектеп-интернатының (оқыту қазақ тілінде) химия пәні мұғалімі Ә.Омарова сабақтарда үштілділік элементтерін енгізу әдістемесімен бөлісті.
 Көкшетау қаласы № 1 сервистік-техникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы  А. Абдульманова «Курстан жаңалықтар: «Арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқыту әдістері» тақырыбы бойынша баяндама  жасап, ақпаратымен бөлісті.
Семинарды қорытындылай келе, қатысушылар: көптілді білім беруді енгізу,  ең алдымен болашақ еңбек қызметінде коммуникативтік дағдыларын дамыту және қолдану үшін қазақ және ағылшын тілдерін іс жүзінде меңгеруге ықпал етуі тиіс деген пікірге келді.

Оцените новость

  • Ваша оценка
Итоги:
Проголосовало людей: 0

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив