Сот билігінің ерекшелігі мен қоғамда алатын орны

Сот билігінің ерекшелігі мен қоғамда алатын орны

Құқық туралы сөз қозғасақ, бірінші есімізге сот түседі. Қазақстан Республикасы Конституциясының 75-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек қана сот жүзеге асырады. Сот билігі- мемлекеттік биліктің бір тармағы болып табылады. Сот  билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, Республика Конституциясы мен заңдарының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етеді.

Мемлекетімізде сот билігі арнайы қағидалар арқылы жүзеге асырылады: сот пен заң алдында бәрінің тең болуы; сот ісін жүргізудегі жариялылық; сот процесінің жарыссөзбен жүргізілуі, тараптардың дәлелдерді еркін пайдалануы; кінәсіздік презумциясы, яғни айыптау үкімі заңды күшіне енбейінше сезікті адам кінәлі болып танылмайды; айыпталушының қорғаушы алу құқығын қамтамасыз ету. Қазақстанда сот билігң Конституция талаптарына сәйкес іске асырылады.

Сот билігінің басты ерекшеліктері- оның Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Парламентіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне бағынбайтындығында, соттардың заңсыз шешімдерін тек соттың қана жоюында.

Сонымен қатар, абсалюттік және тәуелсіз соттар да болмайды, өйткені олар Қазақстан Республикасының Конституциясы мен басқа да заң актілерінің талаптарына бағынады. Барлық мемлекет механизмінде соттың рөлі мен алатын орны ерекше.

Сот билігінің заң шығару және атқару билігімен  бір деңгейде тұруы демократиялық мемлекеттің белгісі деп білемін. Сот билігін  басқа мемлекеттік биліктік құрылымдардан бөлу, мемлекеттің құқықтық жоғарлығы принципін, соның ішінде  бостандық пен әділдік идеясын жүзеге асырылуының жоғарылауын көрсетеді. Сот билігі ҚР Конституциясында соттарға берілген билік ету өкілеттіктеріне байланысты тепе-теңдік пен ара салмақтар жүйесі арқылы олармен өзара іс қимыл жасай отырып, заң шығарушылық және атқарушы биліктің шешімдеріне әсерін тигізеді. Осындай мәртебемен  сотқа құқық мәселелер мен фактілерді шешуде үлкен құзырет берілген.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Қ.Ә.Мәми сот билігінің негізгі 9 белгісін анықтап, сот билігін азаматтардың, мемлекет пен ұйымдардың құқықтарын, бостандындықтарын және заңды мүдделерін қорғау мақсатында құқықтық даулар мен істерді шешу және оларға жүктелген басқа да міндеттерді орындау бойынша заңмен берілген өкілеттікпен, Конституцияда көзделген тәртіппен құрылатын, ерекше іс жүргізу нысандарында жұмыс істейтін және мемлекеттің барлық аумағындағы міндетті сипаттағы шешімдерді шығару құқығы бар, оны мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз ететін арнайы мемлекеттік орган ретінде мемлекеттің атынан іске асыратын, Конституцияда белгіленген біртұтас мемлекеттік биліктің тәуелсіз тармағы ретінде айқындайды.

 

 

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының бас маманы-сот отырыс хатшысы Г.Қарабекқызы

Оцените новость

  • Ваша оценка
Итоги:
Проголосовало людей: 0

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
×