Астанада СПИД-тен көз жұмғандарды еске алу шарасы өтті

Астанада СПИД-тен көз жұмғандарды еске алу шарасы өтті

Қаламызда алғаш тіркелген күнен бастап бүгінге дейін 20 жыл ішінде АИТВ жұқпасымен 1293 адам тіркелген. Осының 39 –ы  СПИД-тің салдарынан  көз жұмған...

Жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісі осы ЖИТС құрбандарын еске алу күні  болып аталып өтеді. Айтулы датаға орай қаламыздағы белді оқу орындарының бірі- Қазақ технология және бизнес университетінде  жастар арасында «Ұмытпа, Өзіңді сақта!» атты акция ұйымдастырылды.  Қалалық СПИДке қарсы күрес орталығының ұйымдастыруымен өткен шараға 500ге жуық қалалық студент жастар мен жоғарғы сынып оқушылары қатысты. Шара барысында қатысушылардың 81-і өз еріктерімен жедел тест арқылы  АИТВ-ға қан тапсырды.

 

 Шараның негізгі мақсаты АИТВ-ның таралу жолдарын жастар арасында насихаттау. Оған себепте жоқ емес   АИТВ инфекциясын жұқтырушылардың арасында өрімдей жастардың кездесетінін қынжылыспен айтып өткен орталықтың бас дәргері Абдраимов С.Б. «Бүгінгі күні АИТВ мәселесі тек қана медицина қызметкерлерін ғана емес, бүкіл қоғамды алаңдатып отырған мәселе. Әсіресе өздеріңіз сияқты қыршын жастардың осы аурудың қақпанына ілігуі бізге үрей туғызып отыр. Сол себепті де біз сіздермен жиі жүздесіп, аурудың алдын алу мақсатында осындай іс-шараларды жиі ұйымдастырып отырсақ жұмысымыз нәтижесіз болмас деп ойлаймын» – деді. Сондай-ақ қатысушылар назарына концерттік бағдарламалар ұсынылды. Ал шара барысында өнер көрсеткен «Видергебурт» неміс-қоғамдық бірлестігінен келген жастардың қойылымы ерекше естеқаларлық болды. Жастар әдемі іс-қимылдарымен шалыс басқан әр қадамның соңы өкінішке әкелетінін әсерлі жеткізді. Мамандар тарапынан дайындалған викториналық сұрақ-жауап ойынына да жастар белсене атсалысты.

 Мамандар атқарылып жатқан іс-шараларының нәтижесіз қалмайтынын айтып, жиналған жастармен бірге «қысқа ғұмырда, мәнді өмір сүрейік!» деген асқақ арманмен қызыл түсті шарларды аспанға ұшырды...

 

Бақытгүл Сали

 

Оцените новость

  • Ваша оценка
Итоги:
Проголосовало людей: 1

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив