Құжат айналымында электрондық қолтаңбаны қолдану арқылы ақпараттық технологияларды пайдалану.

Құжат айналымында электрондық қолтаңбаны қолдану арқылы ақпараттық технологияларды пайдалану.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында: «Білім беру формасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі», деп атап көрсетті. ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Бүгінгі күні ақпараттық технологияларды меңгеру – басты заман талабы. Ақпараттық технология ғасыры өз алдына «ақпараттық қоғамды» қалыптастырды.

Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың жылдам дамуы, оларды құқық қорғау органдарында сот төрелігін іске асыруды кеңінен қолдануды жеделдетуге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және республика соттарының интернет-ресурстарында «Сот актілерімен танысу» және «Сот кабинеті» электрондық сервистік жүйелері енгізіліп қызмет көрсетуде. Екі сервисті Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының http://www.sud.kz  ресми сайттары арқылы пайдалануға болады.

«Сот құжаттарымен танысу»  сервисінің тиімділігі сотта істі қарау барысы туралы процеске қатысушыларға жедел хабарлау үшін арналған. «Сот кабинеті» сервисі электронды түрде Қазақстан Республикасы сот органдарының сервистері мен қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай жүйесі болып саналады.

Сот төрелігін жүзеге асыру процесін жеңілдету, азаматтардың күнделікті өмірінде және мемлекеттік билік органдарының жұмысында орныққан жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану, бұл көптеген қолайсыздықтардан арылуға және уақыт пен қаржы ресурстарын аз жұмсау арқылы барынша тиімді жетістікке жетуге мүмкіндік береді.

Аталған жүйенің сервисі ЖСН немесе БСН және құпия сөз арқылы жүзеге асырылады.  Логин мен құпия сөзді сотқа қатысушы тараптар ұялы телефонына немесе электронды поштасына келіп түскен электронды хабарлама арқылы біле алады. Жолданған өтініші тіркелген соң тарап оның қозғалысы туралы талон мен электронды хабарламалар арқылы біліп отырады. Іске қатысушы өзге де тарапқа сот тыңдалымы туралы талон жолданады. Жедел ақпараттандыру мақсатында іске қатысушыларға судьяның электронды-цифрлық қолтаңбасы қойылған сот актілерінің шыққаны туралы смс-хабарламалар жолданады.

Бұл жүйеге тіркелген тұлғалар электронды құжаттарды беру сервисінің пайдаланушысы болып табылады. Электрондық цифрлық қолтаңба бұл қол қоюшы тұлғаның өзі қойған қолымен тең. Құжаттың дұрыстығына, оның тиесілігіне және мазмұнының өзгермегендігіне электрондық цифрлық қолтаңба кепіл. Электрондық құжаттарды беру сервисін пайдаланушы «Сот кабинеті» арқылы талап арызбен, сот отырысының хаттамасын ұсыну туралы арызбен, сот отырысының хаттамасына ескертумен, өтінішпен сотқа жүгіне алады. Пайдаланушы «Талап арыз беру» сервисін таңдай отырып, электрондық талап арыз нысанын толтырады. Онда: облыс, талап арыз берілетін соттың аты, мемлекеттік баж сомасы, егер соттарда мемлекеттік баж төлеуден босатылған жағдайда «төлемеу» деген жолға белгі қойылады. «Электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы мемлекеттік бажды онлайнмен төлеген жағдайда «онлайн-төлем» жолы толтырылады. Содан соң арыздың сипаты, істің санаты, даудың жалпы соммасы, процестің тараптары көрсетілуі тиіс. «Сот кабинеті» ақпараттық сервисінде ағымдағы жылдың шілдесінен бастап «Әкімшілік істерді жіберу» серисі қосылған. Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2017 жылы мен 2018 жылғы 1 тоқсанның қорытындысы бойынша 1110-ы тіркелсе, оның 1100-і «Сот кабинеті» арқылы электронды әкімгілік істер тіркелген. Сонымен қатар, сотқа жүгінушілер бұрынғыдай сотқа жүгіріп, кезек күтіп сабылмай үйде отырып сот қызметін пайдалана алады. Біріншіден, уақытын үнемдесе, екіншіден қыруар қаржы үнемделеді. Қазіргі таңда сот жүйесіндегі әрбір іске қосылған жаңа бағдарламаның, технологияның орны бөлек. Ең бастысы, заман талабына сай заманауи технологияларды сот жүйесіне енгізу қарапайым халықтың игілігі үшін жасалуда.

Жедел дамып отырған ғылыми-техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізі. Заман ағымына қарай ақпараттық технологияларды қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде.

 

 Қ.Қ.Әлқожаев

Астана қ. Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы

Оцените новость

  • Ваша оценка
Итоги:
Проголосовало людей: 1

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
×